Ақмола облысында «Бір апта ауылда» жобасы жүзеге асырылуда

Балалар жылына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Айналаға қара» кіші жобасын жүзеге асыру аясында «Бір апта ауылда» іс-шарасы Ерейментау ауданыныңда өтуде.

Шараның мақсаты – Ерейментау ауданының бай тарихымен, киелі орындармен және табиғат ескерткіштерімен танысу, қала мен ауылдың байланысын орнату. Оны Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы, Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі және басқа да білім беру ұйымдары жүзеге асырып отыр.

«Бір апта ауылда» жобасына Қосшы қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысып жатыр.

Қатысушыларға көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Ерейментау қаласындағы тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия, Күншалған ауылына жол жүру, Олжабай батыр мазары, ұлттық ат ойындарына қанықты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар