Қалам ұстаған қауымды құттықтады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев  Байланыс қызметкерлері және ақпарат құралдары өкілдері күні мерекесіне орай журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 – Біз қазір Жаңа Қазақстан құру үстіндеміз, қоғам жаңғыруда. Алда аса ауқымды жұмыстар тұр. Міне, осындай күрделі кезеңде журналистер қауымының да атқарар рөлі зор. Биліктің қарапайым тұрғындардың, қоғамның ой-пікірлерін, ұсыныстары мен сындарын естуіне қалам ұстаған қауымның үлкен көмегі тиюде.

Бүгінгідей төл мерекелері үстінде біз газетте, телевидение мен радиода, сайттар мен порталдарда жұмыс жасайтын журналистерді, сондай-ақ, белсенді блогерлерді құттықтаймыз. Сіздердің әрқайсыңыздың өңір дамуына қосар үлестеріңіз мол! – деді құттықтау сөзінде Ермек Маржықпаев.

«Көкшетау» қонақ үйінің мейрамханасында өткен салтантты жиын үстінде өңір басшысы «Арқа төрі – Ақмола» атты облыстық байқау қорытындысымен жеңіске жеткен журналистерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Олардың ішінде «Менің рәміздерім» номинациясы бойынша  «Бұқпа!» газетінің бас редакторы Бақыт Смағұл, «Үздік сараптамалық мақала» номинациясы бойынша облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі Ұлмекен Сәдуақасова, «Үздік репортаж» номинациясы бойынша «Қазақстан» РТРК меншікті тілшісі Ермек Елбергенов, «Ақмола облысы жайындағы үздік материал» номинациясы бойынша облыстық «Көкше» телеарнасының тілшісі  Абзал Балтабаев, «Үздік аудандық басылым» номинациясы бойынша Целиноград аудандық  «Есіл Нұра» және «Вестник Ақмола» газеттерінің редакторы Жанат Түгелбаев, «Үздік фотография» номинациясы бойынша «Арқа ажары» газетінің фототілшісі  Берік Ескенов, «Үздік жаңалық порталы» номинациясы бойынша журналист  Аслан Оспанов, «Үздік бейнетүсірілім» номинациясы бойынша «Көкше» телеарнасының операторы Медет Қайыркенов, «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша «Көкше» телеарнасының шеф-редакторы Гүлнәр Бекенова, «Әлеуметтік желідегі үздік жаңалық паблигі» номинациясы бойынша «Синегор» әлеуметтік порталының редакторы Ульяна Каранда-Калиновскаялар жүлдегер атанып, дипломдар мен  300 000 теңгеден сыйлыққа ие болды.

Сол сияқты екінші орындарды  «Арқа ажары» газетінің жауапты хатшысы Асылай Айжарықова, «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Нина Митчинова, республикалық «КТК» теларнасының меншікті тілшісі  Айзат Дүйсен, республикалық «Экспресс-К» газетінің тілшісі Нұржан Баймулдин, «БАҚ.кз» тілшісі  Әсем Құлжанова, журналистика  ардагері Гүлнәр Шаймергенқызы және басқаларына ынталандыру сыйақылары табыс етілді.

Сондай-ақ, «Ақмола – «Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Байқал Байәділовтер Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталып, журналистика ардагері, фототілші Төлеген Қосшығұловқа «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы  табыс етілді. Бақыт Смағұл Қазақстан Журналистер одағының Бақытгүл Мәкімбай атындағы журналистикадағы ерлігі мен табандылығы үшін сыйлығына ие болды.

Жиын үстінде «Бұқпа!» газетінің директоры Қайыргелді Әкімбеков, журналистика ардагері Бәдуан Имашев, «Ақмола – «Тіршілік»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, «Хабар-24» арнасының тілшісі Дамир Шайдаровтар құттықтау сөздер сөйледі.

Сол күні  «Аманат» партиясы облыстық филиалының  атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Алғыс хатын  «Көкше» телеарнасының шеф-редакторы Гүлнәр Бекенова, «ҚазАқпарат», «Көкшеинформ» тілшісі Аслан Оспановтарға табыстап,  «Көкше» телеарнасы, «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттері, «716 кз» ақпараттық порталының ұжымын облыстық филиал атынан құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар ұсынды.

                          Серік САПАРҰЛЫ,

                          «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік Ескенов.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар