«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының мүмкіндіктерін жіберіп алмау керек

Облыстық басқарма басшыларының қатысуымен Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Өңірлердегі депутаттар іс-шараға бейнеконференц байланыс арқылы қосылды.

Отырысты ашқан экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ғалым Бекмағамбетов депутаттардың 17 маусымда өткізілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тікелей кездесу тәжірибесі депутаттық сауалдарда мәлімделген жобаларды қаржылық қамтамасыз ету бойынша проблемалық және ағымдағы мәселелерді қараудың тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыру кезінде барлық деңгейдегі депутаттардан жалпы сомасы 227 млрд. теңгеге 594 жобаны қаржыландыру туралы өтініш берілді. 42% (246) оң шешім алды – 128 жоба 2021 жылы басталды, 118 жоба 2022 жылға көзделген. 594 жобаның 204-і
(34%) облыстық мәслихат депутаттарымен ұсынылды. Оң шешім 91 немесе 44% бойынша қабылданды. Қалғандарын аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары жіберді.

Ағымдағы жылы облыстық мәслихаттың төрт депутатынан 46 жоба бойынша облыстық бюджетті нақтылауға өтінімдер келіп түсті, оның 6-уы мақұлданды. Тамыз айында облыстық және аудандық (қалалық) мәслихаттар депутаттарынан 2023-2026 жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар қайта жиналады.

Ғ.Бекмағамбетов әріптестерінің назарын депутаттар ұсынған барлық жобалар Бюджет кодексінің талаптарына (ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптамамен бірге болуы) толық сәйкес келуі және жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс екендігіне аударды, сондықтан осы мәселеге жауапкершілікпен қарауды сұрады.

Жиналғандарды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Шығырмақова, сондай-ақ бейінді ведомстволардың басшылары жобалардың қаржыландырылуын қалай алға жылжыту туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, депутаттардың өтінімдері арасында бюджеттен үлкен қаржы құюды талап етпейтін жобалар бар, мысалы, шағын ауылдарда ФАП ашу. Заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Мұрат Шәмшінұровтың пікірінше, мұндай шығындарды шаруашылық жүргізуші субъектілері өз мойнына ала алады, мысалы, Егіндікөл ауданының Бауман ауылында ФАП-қа жеке үй сатып алынып, ол толығымен жергілікті «Бауманское» ЖШС есебінен ұсталады.
Талқылау барысында барлық деңгейдегі депутаттардан, оның ішінде ауылдық жерлерден жобаларды қалыптастыру және қарау алгоритмі нақты жазылатын депутаттар үшін өзіндік жадынама жасау қажеттілігі туралы бірқатар ұсынымдар әзірленді. Оның үстіне, қазір олардың республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «Ауыл –ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын пайдалануға бірегей мүмкіндігі бар. Жергілікті жерлердегі депутаттар мен әкімдіктер қажетті құжаттарды уақытында дайындау, республикалық қазынадан өз жобаларын мақұлдау мен қаржыландыру үшін бар күш-жігерін салуы қажет.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар