Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы тәрбиелеу - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы тәрбиелеу

Сыбайлас жемқорлық кез-келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік негіздеріне елеулі қатер төндіреді және қоғам мен жеке алынған азамат өмірінің барлық саласына тұрақсыздық жасап, әсер етеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітті. Осы құжатта мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа мақсат-міндеттері белгіленген. Осы бағдарламалық құжатқа сәйкес, Қазақстан бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлықтың кез-келген нысандарын қабылдамауына көшуді көздейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады: баршаның заң алдындағы теңдігі және әділдік; жариялылық, айқындық және қоғамға есеп беру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын кешенді пайдалану; сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы; сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде оны қабылдамау және басқасы.

Сондықтан Қазақстанда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша ағарту және тәрбие жұмыстарына үлкен мән беріледі. Ол үшін азаматтық қоғам институттарының мемлекетпен конструктивті өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру қажет. Азаматтық қоғам институттарын нығайту және дамыту, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, қоғамда өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті білімді тарату, осы білімді күнделікті өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық көріністерін өзінің азаматтық құқықтарын бұзу ретінде қабылдауы және өз құқықтарын қорғауға қабілетті болуы керек.  Біздің мемлекеттің азаматтары осы тұжырымдаманы іске асыруға белсене қатысуға тиіс. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуына жағдай жасалмауы үшін әрбір азамат барлық шара қабылдауы керек.

Әрине, сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы күрес – бұл ұзақ мерзімді және күрделі процесс. Алайда, қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі мақсатқа сәйкес күш-жігер біздің азаматтарымыздың көпшілігінің сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік зұлымдық ретінде қауіптілігі және осыдан туындайтын біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың болашағы үшін салдары туралы білімнің қажетті кешенін меңгеруіне алып келетініне күмән жоқ.

Ақмола облысы Әділет департаменті

әкімшілік-құқықтық бөлімі

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар