Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды

– ҚХР-дың Су шаруашылығы министрлігі мен Метеорология басқармасы елдің оңтүстігіндегі таулы өлкеде сел жүру қаупі туындауына байланысты қызыл деңгейлі төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып. Метеорологтердің мәліметі бойынша, 2 шілде күні 20:00-ден бастап Гуандун провинциясының батыс бөлігі мен Гуанси-Чжуан автономды өлкесінің шығысындағы кей жерлерде тауда сел жүру қаупі артқан.

Жергілікті билікке бақылауды күшейту және су тасқыны, сел бола қалған жағдайда алдын ала хабарлауға мұқият дайын болу тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге дайындалу ескертілді. Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және ең жоғарғы қызыл деңгей.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар