Бурабайда аяғы сынған әйел құтқарылды

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучинск қаласынан келген 2 ересек және 3 бала Орлиное гнездо тауын бағындырмақшы болған. Өкінішке орай, 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырып алған.

Оқиға орнына Щучинск қаласының №6 құтқару бөлімшесінің басшысы Андрей Чуйко бастаған құтқарушылар –  Андрей Жуков, Юрий Лютовский, Тимур Негметов, Амангелді Сәдуақасов және Александр Усольцев бағытталды. Құтқарушылар әйелді 400 метр биіктікте және ұзындығы 2 км болатын таудан зембілге түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар