Бурабайда құзға өрмелеуден республикалық фестиваль өтті

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай ауданындағы «Оқжетпес» тауында құзға өрмелеуден 3-ші республикалық «Бурабай-2022» фестивалі өтті.

Шараға 300-ге жуық кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысып, тауға өрмелеуден сынға түсті. Сонымен бірге, жарысқа алғаш рет қатысқандар да болды.

Фестивалдың ашылуына  ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда құзға өрмелеу спорты көптеген кәсіби мамандарды ғана емес, сонымен қатар белсенді демалысты жақсы көретіндерді де біріктіреді. Аталған іс-шара осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін беріп, оны неғұрлым танымал әрі бұқаралық ететініне сенімдімін»,- деді құттықтау сөзінде министр Дәурен Абаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар