Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Бүгін – елорда күні

– 6 шілдеде қазақстандықтар астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы күнін мерекелейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Ақмола қаласының Астана атауын алып, елорда болғанына 24 жыл. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы – еліміздегі маңызды оқиғалардың ордасы. Сонымен қатар, елордада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар мен кездесулер өтіп тұрады.

Солардың бірегейі – әр үш жыл сайын өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, 2011 жылы өткен қысқы Азиада ойындары, Сирия мәселесіне арналған «Астана процесі» және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі.

Бұған дейін елордамыз ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшіліктің қаласы» атағына ие болды. Тарихқа көз жүгіртсек…

1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойылды.

1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы 10 маусымда елордамыз – Астана қаласының халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті.

2008 жылы 6 шілде «Астана күні» мемлекеттік мереке ретінде тізімге енді.

2019 жылы 23 наурызда Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді. «Астана күні» жыл сайын мемлекеттік деңгейде кеңінен аталып өтеді.

Биыл да елорда әкімдігі қала күніне орай бірқатар іс-шара ұйымдастырды. Атап айтсақ, 4-6 шілде күндері сағат 12:00-ден кешкі 22:00-ге дейін орталық саябақта «Mereke Street» фестивалі өтеді.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарының «Барыс», «Астана» футбол клубы және «Астана» баскетболшылар командасының танымал спортшыларымен суретке түсіп, автограф алу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қарастырылған. Мереке күні Есіл жағалауында «Creative Summer» жобасы ұйымдастырылады.

Аталған шарада шығармашылық ұжымдар, вокалистер мен аниматорлар өнер көрсетеді. 6 шілде күні елордадағы «Қазанат» ипподромында «Елорда бәйгесі» республикалық ат жарысы өтеді.

Қала күніне орай ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 150-ден астам спортшы қатысады. Айта кетсек, биыл қала күніне орай мерекелік отшашу болмайды. Ол туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар