Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бейжіңде вакцина алмаған тұрғындардың қоғамдық орынға баруына тыйым салынды - АРҚА АЖАРЫ

Бейжіңде вакцина алмаған тұрғындардың қоғамдық орынға баруына тыйым салынды

— Қытай астанасының билігі коронавирусқа қарсы екпе алмаған тұрғындарға кісі көп жиналатын орындарға баруға тыйым салды. Бұл шара 11 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары Ли Анның айтуынша, COVID-19-ға қарсы екпе алмаған азаматтар Бейжіңдегі кісі көп жиналатын орындарға бара алмайды.

Мұндай орындарға оқу орындары, кітапханалар, мұражайлар, кинотеатрлар, сурет галереялары, спорт ғимараттары, фитнес залдары, ойын-сауық орындары, интернет-кафелер және басқа да орындар жатады. Жоғарыда аталған орындарға бару үшін Бейжің тұрғындары вакцинация сертификатын көрсетуі керек.

Шектеулер денсаулығына байланысты вакцинация алмаған адамдарға қолданылмайды. Аталмыш шаралар келесі дүйсенбі, 11 шілдеден бастап ресми күшіне енеді. Өткен тәулікте Қытай астанасында COVID-19 инфекциясының 4 жаңа жағдайы анықталды.

Фото: english.www.gov.cn

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар