Қола дәуірінің қолға түскен олжасы

Ақмолалық археологтар Кеңөткел қонысынан неолит деуіріне тән қола және қыш бұйымдарын тапқан. Андронов мәдениетіне жататын бірнеше қорғандар да анықталған. Мамандардың айтуынша, жерлеу орындарынан табылған артефактілер 4 мың жыл бұрын осы аймақтағы өмір мен мәдениетті куәландыратын үлкен ғылыми құндылыққа ие.

Бүгінде Кеңөткел қонысында 200-ге тарта археологиялық ескерткіш бар. Олардың барлығы өткен ғасырдың 80-ші жылдарында зерттеле бастады. Осы уақыт аралығында ғалымдар өздерінің басты ерекшелігін анықтай алды – олардың әрқайсы әртүрлі дәуір кезеңдеріне жатады. Мұнда тас, қола, темір ғасырлары мен Орта ғасырлардағы ескерткіштер де анықталған. Кеңөткел қонысында қазба жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.

Әр зерттеу сайын табылған заттар археологтарды таң қалдырмай қоймайды. Бұл жолы олар қыш ыдыстарды, қола бұйымдар мен әшекейлердің фрагменттерін тапты. «Бір қарағанда, бұл олжалар ешқандай мәнге ие еместей көрінеді. Алайда толыққанды зерттеулер барысында анықталатын фактілер тарихтың бұрын зерттелмеген беттерін ашуға мүмкіндік береді»-, дейді мамандар.

«Біз алғаш рет шағын пішінді қыш ыдыстарды таптық. Бұл кейінгі қола дәуіріне жататын құнды ескерткіш. Мұнда ою-өрнектер жоқ, бірақ ерте темір дәуірінің ежелгі түркі жазбаларына ұқсас жазулар бар. Демек, бұл өтпелі кезең болып отыр. Жалпы айтқанда, табылған керамикалық ыдыстардағы өрнектер біздің дәуірімізге дейінгі 17-15 ғасырларда осы аймақта өмір сүрген адамдардың дүниетанымы, сенімдері мен мәдениеті туралы сыр шертеді»-, дейді Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры – Жасұлан Үкеев.

Біз сенсация мен жаңалық ашуға ұмтылмаймыз»- дейді ғалымдар. Бүгінге дейін Кеңөткел қонысынан табылған көптеген қорғандар тоналып, қиратылды. Сондықтан қазба жұмыстары қалпына келтіруді қажет ететін ескерткіштер де жоқ емес. Зерттеу жұмыстарына жергілікті оқушылар да белсене қатысады. Егер қола дәуірі, қорғандар мен артефактілер туралы олар тек тарих сабақтарында ғана естіген болса, қазір олар ғасырлар мұрасымен тікелей байланыса алады. Қазір қазба жұмыстары аяқталуға жақын.

Археологтар зерттеу жұмыстарын мұражай қабырғасында жалғастырмақ. Табылған олжалар қалпына келтіріліп, зерттеліп, басқа тарихи материалдармен салыстырылатын болады. Осылайша ежелгі адамдардың өмірі мен мәдениеті туралы жаңа дәлелдер анықталады. Барлық артефактілер мұражай экспозицияларын толықтырады.

Камила Абдельманова.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар