«AMANAT» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс ҮІ Съезі басталды

Бүгін Зеренді ауданының «ZEREN» санаторлық-сауықтыру кешенінде «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс ҮІ Съезі басталды. Оған еліміздің әр өңірінен 350-ден астам жас қатысуда. Ал, Ақмола облысынан 11 делегат бар. Бүгін олар топтарға бөлініп, 5 бағытта өтетін түрлі бағыттағы тренингтерге қатысады. Ал, кешке қарай ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Аида Балаеваның қатысуымен «Jas Talks» ашық диалогтық алаңы ұйымдастырылмақ. Бұл жастарға «Жаңа Қазақстан және әлемдегі заманауи геосаяси ахуал» тақырыбында еркін пікір алмасуға мүмкіндік береді.

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімованың айтуынша, бұл Съездің тарихи маңызы зор. «Съезд барысында партияның жастар қанаты ұйымына жаңа атау беру қарастырылып, толықтай ребрендинг жасалады деп күтіледі. Жалпы, партияның жастар қанаты еліміздегі ең ірі жастар бірлестігі саналатынын ескерсек, ұйымды стратегиялық тұрғыдан дамытудың маңызы зор болмақ»,-дейді Айна Ермекқызы.

11-14 шілде аралығында өтетін Съездің бағдарламасы ауқымды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын ұйым мүшелері қатысатын бұл шарада жастарға арналған жаңа бағдарлама қабылданады деп күтіледі.

«AMANAT» партиясы
Ақмола облыстық филиалы
баспасөз қызметінің мәліметі бойынша дайындалды

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар