Атбасардағы жағдай тұрақты

Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Атбасар ауданында болып, аудан әкімі Аманбек Қалжановпен кездесіп, бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады.

Покровка ауылында сұлы үлпектерін өндіретін фабрика мен «DAXA SOHNE» ЖШС астық тазалау кешені іске қосылуға дайын.  Компанияның құрылтайшысы Аманжол Әріпов болашақ кәсіпорынның негізгі қызмет түрі – жарма өндірісі, жобалық қуаттылығы жылына 14400 тонна жарма өндірілетінін айтып берді. Құны 1 миллиард  800 миллион теңгеден асатын жобаны іске асыру 2019 жылы басталды. Бүгінгі күні әрлеу жұмыстары аяқталуда, электр монтажы 90 пайызға орындалды.  Жабдық Швейцариядан әкелінді, оны орнату үшін екі шетелдік маман келді. Өндірісті іске қосқаннан кейін 50 ауыл тұрғынын жұмысқа орналастыру жоспарлануда, қазір нысанда 25 адам жұмыс істейді. Осындай заманауи өндірістің іске қосылуы, әрине, Покровка ауылдық округіне үлкен қолдау болады.

Сондай-ақ, мұнда қазіргі заманғы астық тазарту кешені бар. Ауылда алдыңғы қатарлы ғылыми технологиялар қолданылғаны қуантады, бұл сайып келгенде астық шығымына әсер етеді.

***

Өткен жылдың желтоқсан айында Атбасар қаласында медицина қызметкерлеріне арналған үш қабатты 25 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Бұрынғы қан орталығын қайта жабдықтау жобасын «Шынар Проект и Компания» ЖШС әзірледі, ал, құрылыспен «SCS Инжиниринг» ЖШС айналысты, бюджеттен 183 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Талғат Жүнісов аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Н.Рахымовпен бірге медицина қызметкерлеріне бөлінген пәтерлерді аралады.

«Тұрғындар өмір сүру жағдайларына разы және жергілікті атқарушы органдарға көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді. Бұл медициналық қоғамдастық үшін үлкен көмек, өйткені Атбасарда, басқа жерлерде сияқты, дәрігер кадрларының тапшылығы бар», – деп атап өтті Т. Жүнісов.

***

2020 жылы Атбасар қаласыныңбалалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының балансында жабық хоккей корты пайда болды.

Спорттағы дарынды балаларды қолдауға арналған әлеуметтік нысан Жол картасы аясында салынды. Заманауи модульдік құрылымның құны 1 миллиард теңгеге жуық.  Оны Лисаковск қаласындағы «Эксклюзив Строй» ЖШС орнатты. «Локомотив» стадионының аумағында орналасқан жабық корттың жалпы алаңы – 2200 шаршы метрден астам.  Жас хоккейшілер үшін мұнда барынша қолайлы жағдайлар жасалған: санитариялық торап, душкабиналары, киім ауыстыратын бөлмелер. Жазғы кезеңде онда футболшылар (9 команда) айналысады. Алаң жасанды жабынмен жабдықталған.  Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Наталья Наймушинаның айтуынша, оқу жылы бойында мұнда аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізіледі.

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов спорт кешенін аралап, жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына жаңа жеңістерге жетуді тіледі.

***

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы бойынша Атбасарда екі 45 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Мердігерлік ұйымдармен шарттар 2020 жылы жасалды, бірақ 2021 жылы қаражат бөлінбегендіктен, жұмыстар тек ағымдағы жылы басталды.  Қазіргі уақытта бір объектіде жер жұмыстары жүргізілді, жолақты іргетас орнатылды, фундаменттік блоктар ішінара орнатылды. Сот процестеріне байланысты құрылыс тоқтатылды.  Екінші қабатта үш қабаттың сыртқы және ішкі қабырғалары орнатылып, еден плиталары төселді.

Мердігерлік ұйымдардың өкілдері құрылыс материалдарының қымбаттауына шағымданады. Атбасар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Тлеулес Әркенов атап өткендей, құрылыс мерзімі қаржыландыруға байланысты.

Талғат Жүнісов мердігерлерге жүргізіліп жатқан жұмыстардың мерзімдері мен сапасының сақталу керектігін баса айтты.

***

Атбасар ауданындағы жұмыс сапары асяныда Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов  жарық техникасы жабдықтары мен металл құрылымдарын өндірумен айналысатын «Қазтехникс» ЖШС компаниясының жұмысымен танысты.

Кәсіпорын заманауи жабдықтармен жабдықталған, бұл жаңа технологияларды енгізуге және жарықдиодты жабдықты өндірудің толық циклін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Өндіріс алаңы-үш мың шаршы метр зауытта 30 адам еңбек етеді. Директордың міндетін атқарушы Сергей Буйленов түсіндіргендей, тауарлардағы жергілікті қамту үлесі – 65%-дан астам, жылына мұнда 60 000 данаға дейін көше шамдары, 85 000-ға дейін кеңсе шамдары шығарылады.  «Қазтехникс» ЖШС электротехника және жарық техникасы саласындағы жетекші мамандар мен инженерлерді мақтан тұтады. Компания қызметкерлері жарықдиодты жүйелерді жобалау, әзірлеу, орнату, қызмет көрсету және пайдалану бойынша үлкен тәжірибеге ие.

Кешен аумағында сондай-ақ К-700 маркалы тракторларды толық қалпына келтіру және заманауи жабдықтармен жарақтау бойынша механикалық-жөндеу зауыты орналасқан. Толық қайта құру нәтижесінде ескі ауыл шаруашылығы агрегаттары жаңасына айналады.

Сонымен қатар Талғат Тұрлыбекұлы Атбасардағы И.Есенберлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайын аралап, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Музейде өлкенің бай тарихын куәландыратын бірегей экспонаттар сақтаулы.

Қарлыға МҰҚАТАЕВА,

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар