Сапалы қызмет – мерейлі міндет

Қазіргі уақытта жер мәселесі ең ауқымды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, тұрғылықты халықтың жер учаскелерін рәсімдеуде туындайтын қиындықтар мен түсінбеушіліктердің алдын алу үшін үлкен істер атқарылып, құжат рәсімдеуде барынша оңтайландыру жұмыстары қолға алынып келеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік мекемелердің басты міндеттерінің бірі болып табылатындықтан «Бұланды ауданының Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұжымы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің саны мен сапасын арттыруға үлкен мән беріп отырады.

Қазіргі уақытта мекеме арқылы алты мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Соның бірі, жер учаскелерінің құжаттарын рәсімдеуге байланысты. Соңғы уақытта кең етек жайып келе жатқан және үлкен сұранысқа ие болып отырған – «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметі.

Бұл қызмет түрі 2016 жылғы 30 наурызда ҚР Ұлттық экономика министрінің №151 бұйрығымен бекітілген стандарқа сәйкес ақысыз негізде көрсетіледі. Сонымен қатар, құжаттарды тапсырушылардан минималды пакет құжаттамалары талап етіледі.

                                                                                              Өнер ЖАХМАШ,
Никольск ауылдық округінің бас маманы.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар