Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түйткілді мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес - АРҚА АЖАРЫ

Түйткілді мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес

 Ермек Нұғымановтың төрағалығымен Ақмола облысы Қоғамдық кеңесі төралқасының отырысы өтті.

Қаралғаны үш мәселе. Жиналғандарды «2022-2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» облыс әкімдігінің қаулы жобасымен білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов таныстырды. Құжатқа сәйкес, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен педагогикалық мамандықтарға – 100, медициналық мамандықтарға – 50, резидентураға – 35 грант бөлінді.

Ең бастысы, барлық студенттер диплом алып, аймақтың білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне және негізінен ауылдық жерлерге жұмысқа орналасады. В.Гамазовтың айтуынша, грант түлектері бағыт бойынша кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндетті. Облыс әкімдігінің гранттар мен стипендиялар берудің жыл сайынғы тәжірибесі ауылдық жерлерде мамандар тапшылығын шешу үшін бағдарламаның тиімділігін көрсетеді. Құжат үлкен әлеуметтік маңыздылыққа ие болғандықтан, кеңес мүшелері жобаны бірауыздан қолдады.

Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен облыстық мәслихаттың «Бурабай ауданы Щучинск қаласының елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы» шешімінің жобасын ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов ұсынды. Ол өзгерістер бұрын жабылған «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының құрамына кірген жерлерді курорттық қалаға қосу қажеттілігімен байланысты екенін түсіндірді.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері «Табиғи монополиялар тұтынушылары» ҚБ төрағасы Арман Садықовтың 2021-2025 жылдарға арналған «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК инвестициялық бағдарламасын орындауға қатысты өтінішін қарады.  Бұл мәселе бойынша  жылу беруші кәсіпорынның бас директоры, қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мақышев пен оның орынбасары  Асқар Нұрмағамбетов сөз сөйледі. Олар бірнеше жыл бойы жинақталған проблемаларды жасырмай, коммуналдық кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайы қанағаттанарлықсыз екенін ашық мойындайды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіруге арналған тікелей шығындар 5 миллиард 700 мың теңгені құрады, сонымен қатар жылуды сатудан түскен таза кіріс – 3 миллиард 100 мың. Яғни, шығын 2 миллиард 600 мың, бұл кәсіпорынды ұстауға арналған басқа да қосымша шығыстарды есептемегенде. Бұл ретте электр энергиясына, көмірге, мазутқа, металға, жабдыққа баға күн сайын өсуде. Жағдайға көрші елдердегі геосаяси ахуал да әсерін тигізеді, сондықтан логистика проблемаларына байланысты жөндеу үшін қажетті сорғы жабдықтарын жеткізуде кідіріс болды, бұл жұмыстар 2021 жылғы инвестбағдарламаға енгізілген еді.

Қазір жеткізушілермен сот процестері жүріп жатыр, олар тамыз-қыркүйек айларында жабдықты жеткізуге уәде береді.  Егер мәселе оң шешілсе, ағымдағы жылы инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы айтуға болады. Сонымен қатар, өткен жылдары да  инвестбағдарлама орындалған жоқ, соның салдарынан монополияға қарсы ведомство кәсіпорынды одан да үлкен қарыздық шұңқырға айдайтын өтемдік тариф қолданды. Сондықтан да бүгінде компания бюджетінен субсидиялар мен трансферттерсіз өмір сүре алмайды. Мұны тек коммуналдық қызметкерлер ғана емес, қоғамдық кеңес мүшелері де түсінеді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Асылбек Қуандықұлы, Қоғамдық кеңес мүшелері Владислав Шуль, Мариям Әбішева, Бақыт Смағұл және т.б. өз ойларымен бөлісті.

«Табиғи монополиялар тұтынушылары» ҚБ төрағасы Арман Садықов бір кездері «Көкшетау Жылу» компаниясында жұмыс істеген, компания басшылығы кәсіпорынның үздіксіз жұмыс атқаруға және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды деп санайды. Бірақ, қазандықтардың одан әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін барлық мүдделі ведомстволардың кешенді тәсілі қажет. Ең алдымен, табиғи монополияларды реттеу департаменті мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы проблемалардың мәнін түсінуге тырысу керек.

Қоғамдық кеңес төрағасы Ермек Нұғыманов кездесуге қатысушыларға белсенділік пен бейжай қарамағаны үшін алғысын білдірді.

«Көкшетау Жылу» – стратегиялық маңызды нысан, оның жұмысына қала тұрғындарының өмір сүру сапасы тікелей байланысты. Жылдар бойы жинақталған проблемаларды бір күнде шешуі мүмкін емес, компанияны қалпына келтірудің кешенді бағдарламасы қажет. Жылу тарифін көтермей болмайтыны түсінікті, бірақ бұл тұтынушылардың қалтасына зақым келтірмеу үшін облыстық бюджеттен субсидиялауды жалғастыру қажет, деп түйіндеді Қоғамдық кеңес отырысына қатысушылар.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар