13 шілде күні “Ақмола Тіршілік” ЖШС-де “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесіне шолу”тақырыбында семинар өтті

Шетелдік озық тәжірибесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін көптеген факторлар мен элементтерді кешенді түрде ұштастыруды көздейтін жүйелі тәсіл қажет екенін көрсетеді. Бұл ретте институционалдық тетіктер мен құқықтық құралдарды дамыту, қоғамдық хабардарлықты және азаматтық қоғамның тартылуын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет.

Кең қоғамдық қолдау болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігер сәтсіздікке ұшырайды. Бұл тұрғыда тиісті мәдениетті қалыптастыру елеулі рөл атқарады. Сондықтан Доха декларациясында қылмыскерлік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, заңды құрметтеу мәдениетін құруда білім берудің рөлі баса айтылған.

Неғұрлым дамыған елдердің тәжірибесі ақпаратқа кеңінен қол жеткізудің, шешімдер қабылдау процестерінің айқындығы мен қоғамдық қатысу тетіктерін құрудың сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға елеулі дәрежеде ықпал ететінін көрсетеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар