Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер қойнауын пайдалану жауапкершілікті талап етеді - АРҚА АЖАРЫ

Жер қойнауын пайдалану жауапкершілікті талап етеді

Ақмола облысының аумағында 165 келісім-шарт және лицензия тіркелген. Бұл ретте, жасалған келісім-шарттардың басым бөлігі Аршалы, Целиноград және Зеренді аудандарының аумағына тиесілі.

Тиімді аумактық орналасуына байланысты елорда маңындағы аудандар құрылыс  тасы, құм, қиыршық тас, саз, базальт және басқа да пайдалы қазбалар сияқты кең  таралған пайдалы қазбаларды өндірудің негізгі жеткізушілері болып табылады.

Осылайша бүгінгі күні қолданыстағы жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар мен лизенциялар бойынша 138 жер учаскесі жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін ресімделген болып табылады.

Жер заңнамасының нормаларын сақтау және заңсыз  өндіру фактілеріне

жол бермеу  мақсатында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы тиісті мониторинг жүргізеді.

ҚР Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін (өндіру, бірлескен барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарын жүргізу үшін) жер учаскелерін беру кіреді. Осылайша 2022 жылдың екінші жартыжылдығына облыстың жергілікті атқарушы органы Ақмола облысының аумағында жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін 6 жер учаскесін берді. Бұл жөнінде жасалған келісім-шарттар:

Ақмола облысы әкімінің 13.04.2022 жылғы №A-4/185 қаулысымен «Злат Неруд» ЖШС Бурабай ауданы Абылай хан ауылдық округінің шекараларында орналасқан, алаңы 72 гектар «Златопольское» кен орны, 2032 жылғы 18 маусымға дейінгі мерзімге 22,9 гектар жер учаскесіне барлау жүргізу, сондай-ақ, пайдалы қазбаларды өндіру үшін беріледі.

Ақмола облысы әкімінің 25.04.2022 жылғы №A-5/211 қаулысымен «РемАлСтрой» ЖШС Зеренді ауданы Қонысбай ауылдық округінің шекарасында “Алтыбай» учаскесінде орналасқан гранит, саз және сазды (магмалық) жыныстарды өндіру үшін алаңы 18,8 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы берілді. Ол 2006 жылғы 2 тамыздағы №177 келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.

Ақмола облысы әкімінің 25.04.2022 жылғы №A-5/212 қаулысымен «КӨРКЕМ ҚҰМ» ЖШС Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округінің шекараларында орналасқан «Полтавское» кен орнында құрылыс құмын өндіру үшін 2039 жылғы 4 тамызға дейінгі мерзімге алаңы 34,25 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы берілді.

Ақмола облысы әкімінің 1.06.2022 жылғы №A-6/258 қаулысымен «ТАСС-ГРУППЕ» ЖШС 2020 жылғы 15 маусымдағы лизенция негізінде гранит өндіру үшін Аршалы ауданы Түрген ауылдық округінде орналасқан «Аршалы» кен орнында 2030 жылғы 15 маусымға дейін алаңы 1,8359 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы берілді.

Ақмола облысы әкімінің 1.06.2022 жылғы №A-6/257 қаулысымен «Stone карьер» ЖШС Аршалы ауданы Аршалы кентінің шекараларында орналасқан «Аршалы» кен орнында магмалық жыныстар (гранодиориттер) өндіру үшін 2031 жылғы 16 маусымға дейін алаңы 18,4 гектар жер учаскесіне ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілді.

Ақмола облысы әкімінің 1.06.2022 жылғы №A-6/256 қаулысымен «ПО«Көкше-Цемент» ЖШС 22 жылғы лицензия негізінде кварц құмын өндіру үшін Біржан сал ауданы Краснофлот ауылының шекарасында «Белағаш» кен орнында орналасқан, 2030 жылғы 22 маусымға дейін алаңы 62,138 гектар жер учаскесіне ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілді.

Сондай-ақ, тұрақты  негізінде Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бұзылган байланыстар мен жер  қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша уақтылы шаралар қабылдауда. Бұл мәселе тұрақты бақылауда ұсталып келеді.

 Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер

                                                                      қатынастары басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар