Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялансын - Президент - АРҚА АЖАРЫ

Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялансын — Президент

– Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қант тапшылығын реттей алмаған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде бұрын іске қосылған жеті қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істеп тұр – Алматы және Жамбыл облыстарында. Олардың өзі тек үштен бір қуатымен ғана жұмыс істейді. Жүктелімі – 31% ғана. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша қантының үлесін 2026 жылға қарай 6 есе 7%-дан 43%-ға дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

Алайда, кейінгі төрт жылда қант қызылшасының алқабы үштен бірге қысқарып кеткен», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Қазақстанның сырттан келетін қантқа 90% тәуелді екенін еске салды. «Бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақтың аясындағы шешімдерге сілтеуге болады.

Бірақ, бұл – бәрібір Үкіметтің зор кемшілігі, яғни мемлекеттің ұстанымын қорғай алмады. Сондықтан, мен министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын. Үкіметке шұғыл тәртіпте қант саласын дамытудың жеке салалық жобасын әзірлеу керек.

Ондағы мақсат – импортқа тәуелділікті айтарлықтай қысқартып, өзіндік қамтамасыз етуге біртіндеп көшу», — деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар