Атқарылған істер пысықталып, міндеттер белгіленді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығы Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданын аралау барысында негізінен, қысқы маусымға дайындық, бу қазандықтары мен жылу желілерінің, алдағы ораққа ауыл шаруашылығы техникаларының жөнделуі, ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау, егін егіп, өсіруге пайдаланылатын жаңа техникаларды өндіру сияқты маңызды мәселелерге көңіл бөлді.

Көкшетау қаласындағы №2-ші бу қазандығын жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Бүгінгі таңда негізгі атқарылар істің 70-90 пайызы атқарылды деуге болады. Меже – 20-25 тамызға дайын жөндеу толық аяқтау. Тағы бір алға қойған мақсат жұмысшылардың тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз етіп, бос орындарға адамдар қабылдау. Ол үшін еңбекақыны 35 пайызға дейін көтеруге шешім қабылданған.

Краснояр ауылында блоктік-модульдік бу қазандығы 2006 жылы орнатылған. Сағатына 3 Гкал  қуаты бар 3 қазандық тек тұрғындарға жылу таратады. Ал, 2021 жылдың наурыз айында төртінші қазандық іске қосылған. Жылу маусымына дайындық мұнда да қызу жүріп жатыр. Қазандықтардың от жағу бөлегі толықтай жөнделген. Жылу маусымының бастапқы кезеңінде 2 қазандық жұмыс істемек. 31 қыркүйекте барлық қазандықтар іске қосылмақшы.

– Краснояр ауылының халқы 15 мың адамға жетіп қалды. Орталық жылу жүйесіне 298 нысан қосылған. Оның ішінде көпқабатты үйлер де, әкімшілік ғимараттар да бар. Жеке үйлерде тұратын тұрғындардан да осы желіге қосу туралы өтініштер түсіруде. Олардың жалпы саны 1,5 мың үй, – деп түсіндірді өңір басшысына жағдайды Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.

Кенттің Мир және Сейфуллин көшелеріне қиыршық тас төселген. Жалпы жұмыстың 11,4 миллион теңгесі игерілген. Жобаның жалпы сомасы 119,4 миллион теңге.

Тұрғын үйлер мен ғимараттарға жылу тарту, оны жеткізу өз алдына, оларға дейін жылудың сақталып баруы тағы бір үлкен мәселе. Сол себепті, жүргізіліп жатқан Темірбеков көшесіндегі жылу магистриалының жөндеу-құрылыс жұмыстары туралы «Сапа құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жандос Сембаев пен «Көкшетау жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Руслан Мақышевтар баяндады.

– Топырағын аршу, тұрбаларды алып шығу толық аяқталды. 1500 метр жерге жаңа тұрба төселді. Бюджеттен 603,2 миллион теңге  қаражат бөлінсе, оның 519,1 миллион теңгесі игерілді, – деді Р.Мақышев.

Қала үшін тағы бір маңызды жобалардың бірі 1005 метрлік Жайлау шағын ауданына тартылған тасжолды атап өтуімізге болады.

– Бұл желі 70 пайызға дейін тозған болатын. Тұрбаларды  ауыстырғаннан кейін олардың жарылуы тоқталып, аяқ асты туындар қиындықтардан құтыламыз. Жылу жүйесінің жұмысын аяқтаған соң, канализацияға кірісеміз. Бұл жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған, – деп баяндады бұл жөнінде қала әкімі Б.Ғайса.

«Мемлекет қаражатты тұрғындар сапалы жылу мен ауыс су алуы үшін бөліп отыр. Сондықтан, бұл жұмыстың қарқынын арттырып, үнемі қадағалау қажет», – деп тапсырды  Е.Маржықпаев.

«Can Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанға «Massey Ferguson» және « Challendger» брендтерін ұсынатын  AGGO корпорациясының техникаларын сату мен оларға қызмет көрсетумен айналысатын ірі диллерлік орталықтардың бірі. Кәсіпорында 70 адам еңбек етеді. Болашақта қызметкерлер саны 120 адамға жетпек.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, қалпына келтіруге қоса біз қосалқы бөлшектер жеткізу, оларды сақтау, компания қызметкерлерін оқыту, үйрету, тіпті, шет елдерде оқытумен де айналысамыз, – деп түсіндірді « Can Agro Export» компаниясы тобының вице-президенті Роман Маликов. 1000 шаршы метр жерге орналасқан сақтау алаңы бар компанияның ауыл шаруашылығы техникаларын күрделі жөндеуден өткізетін орталығы, оқыту кабинеттері, 600 шаршы метр жерге орналасқан  агрегаттық шеберханалары бар. 150 дана техниканы жөндеуге тұрғызуға мүмкіндіктері бар. Кәсіпорын өңірімізге тракторлар мен комбайндар, ирригациялық техникалар, қалада қызмет ететін машиналармен қамтамасыз етумен де айналысып келеді.

Биылғы көктемгі егіс жұмыстары уақытымен, барлық агротехникалық шаралар сақталып, ойдағыдай жүргізілді. Ауа райы да қолайлы, жауын-шашынды болып тұр. Демек, жақсы өнім жинаудан үміттіміз. Сол себепті, күзгі жиын-терін науқанын еш кедергісіз өткізуіміз керек. Бұл – сіздерге де байланысты, – деп қорытты ойын, кәсіпорын жұмысымен толық танысқан соң Ермек Маржықпаев.

Облыс басшысы Қарлыкөл ауылындағы «Ақшабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, шаруалары жайымен танысты. 3 012 гектар жері бар шаруашылық директоры Еркін Кәкімов өздерінің егіннің әр гектарынан 15 центнерден өнім алуды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Краснояр агротехникалық колледжі ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 409 оқушы, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 100 студент білім алуда. 54 мұғалім сабақ береді.  Оқу орыны, оның кабинеттері мен шеберханаларымен коллежд директорының орынбасары Владимир Ларин таныстырды.

Біздегі шешілмей тұрған бір мәселе – ол жатақхана. 140 орындық жатақхана өте аздық етуде, – деді ол, сөзі соңында.

Еленовка ауылындағы Мәдениет үйіне 2021 жылы ағымдағы жөндеу жасалыпты. Көрермендер залы 210 орындық. Кітапхана, киініп-шешінетін орын, мәдени шаралар өткізетін бөлмелер бар. 7 үйірме жұмыс жасайды екен. Оларға 90-ға жуық мектеп оқушылары тартылған. Ән айтуға, би билеуге машықтанушылар, домбыра тартуды үйренушілер баршылық.

Өңір басшысы  көрермендер залындағы орындықтардың сын көтермейтінін ескертіп, оларды жақын арада ауыстыруды тапсырып, ауылдағы мәдени жұмыстар жақсы жүргізілуінің ауылда жастардың тұрақтауына игі әсер ететінін атап өтті.

Одан әрі өңір басшысы Бұлақ селолық округінде болып, «Керамикс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салып жатқан кірпіш зауытымен танысты. Ол құрылыс тамыз айында аяқталмақ. Кәсіпорын жылына 22 миллион дана кірпіш шығармақ.  Жол салу жұмыстары да аяқталуда.

– Онда 200 адам немесе 20 адам тұра ма, бәрібір, әрбір елді мекенге қамқорлықпен қарауымыз керек. Бұл істе ұсақ-түйек болмауы, көше шөбі шабылып, су жолдары  тазаланып отырылуы тиіс. Барлық жерлердегі құрылыс және жөндеу жұмыстары қадағаланып отырылсын, – деп тапсырды ауыл әкіміне.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар