Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс прокуроры облыстың құқық қорғау органдарының қорытынды алқаларына қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Облыс прокуроры облыстың құқық қорғау органдарының қорытынды алқаларына қатысты

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Ақмола облысының прокуроры А.С. Майлыбаев облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1-ші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша алқасына қатысты.

Алқа отырысында облыс прокуроры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының оң қарқынын атап өтіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша одан әрі үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда, прокурор сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, бизнесті қорғау, активтерді қайтару, қылмыстық процесті цифрландыру, бюджет қаражатын ұрлаумен байланысты қылмыстық істерді сапалы тергеу және т.б. маңызды бағыттарға назар аударды.

Сол күні облыс прокуроры А.С. Майлыбаев облыстың полиция Департаментінің 1-ші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша алқасына қатысты.

Облыс прокуроры өзінің алғы сөзінде полиция органдары жүргізіп жатқан реформалардың, соның ішінде қылмыстық процесті цифрландыру жөніндегі реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Облыс прокуроры отырысқа қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының алаяқтықтың, педофилияның, балалар суицидінің, адам саудасы мен есірткінің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу жөніндегі тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындауға аударды.

Сондай-ақ, алқа отырысы барысында өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде облыстың құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылына байланысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар