Соңғы үш жылда мұғалімдердің жалақысы екі рет көтерілді

Бұрнағы жылдары мұғалімдердің мәртебесі, олардың жалақысының төмендегені туралы жиі айтылып жүрді. Тіпті педагог боламын дейтін мамандардың қатары сиреп кеткен. Осыған байланысты мемлекет бірқатар келелі мәселелерді қолға алып, бүгінде бұл өзекті мәселе кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

«Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданып, бүгінде олардың еңбекақысы жыл сайын артып жатыр. Бұл күнде мұғалім боламын дейтіндердің қатары артып, тіпті кезінде жалақының аздығынан басқа салаға ауысқан педагогтар қайта даярлаудан өтіп, бұрынғы мамандығына оралып жатыр. Ал, педагог боламын дейтін жастардың қатары арта түскен. Мұның бфарлығы Мемлекет басшысының сындары саясатының жемісі деуге әбден негіз бар.

Соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Үкіметі педагогтардың жалақысын фжүйелі түрде арттыруда.  Мысалы,  2020-2021 жылдардың қаңтарынан бастап 25 пайызға және 2022 жылдың басынан бастап 25 пайызға көтерді. Жалпы арттырудан басқа, біліктілік санаты үшін қосымша ақылар 30-50 пайызға ұлғайтылды. 2021 жылы толық оқу жүктемесі бар педагог-шебер – 373 мың теңге, педагог-сарапшы  – 312 мың теңге, педагог-модератор – 272 мың теңге, жас мұғалім (санаты жоқ) – 213 мың теңге жалақы алады.

Сонымен қатар, дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі үшін төлем де ұлғайтылған. Тәлімгерлік үшін қосымша ақының жаңа санаты пайда болды. Педагогтардың мұндай еңбекақысы 2021 жылдың соңында 249 349 теңгені құрап отыр.

Кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге педагогтарды тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленді. Педагогтарды ауылдық жерлерде жалақы коэффициентін 25 пайызға арттыру, тұрғын үй беру немесе жалдау құнын өтеу және коммуналдық қызметтерді төлеу мәсефлесі де қарастырылған.

Мұғалімнің жалақфысы оқу жүктемесіне, біліктілік деңфгейфіне, өтіліне және санатына байланысты есептеледі. Оған өтемақы және ынталандыру төлемдері, білім деңгейіне, педагогикалық қызметтің басқа түрлеріне қосымша төлемдер әсер етеді.

Жалақыға жеке қосымша төлемдер қосымша сағаттық жүктеме үшін қарастырылған. Мысалы, пәнді ағылшын тілінде жүргізгені үшін қосымша ақы төленеді. Дәптерлерді, жазбаша және бақылау жұмыстарын тексергені, сынып жетекшілігі мен тәлімгерлік үшін де қосымша ақы қарастырылған.

Сондай-ақ, ерекше жағдайларда педагогикалық жұмыстың басқа түрлері үшін қосымша төлем есептелуі мүмкін. Үйде оқыту қажет болған жағдайда да, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс кезінде де, ауылдық жерлерде немесе экологиялық жағдайы қолайсыз өңірлерде де мұғалімдерге қосымша ақы бар. Тарифтік мөлшерлемелер жаңа оқу жылының басынан бастап анықталады, ол бүкіл оқу кезеңіне немесе жартыжылдық бойынша белгіленеді.

2021 жылдан бастап педагогтарды жұмысқа орналастыру кезінде жаңалықтар бар. Педагогикалық мамандық бойынша алғашқы жұмысқа орналасу кезінде «педагог» біліктілігін алу үшін сертификаттау жүргізіледі. Сондай-ақ, педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері бірден жоғары санатқа үміткер бола алады, жалақысы жоғары педагог-модератор бола алады. Ол үшін үміткер қажетті білім деңгейін растау үшін ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуі керек.

Педагогтардың еңбекақысының лайықты деңгейі бүкіл білім беру жүйесін жаңғыртудың міндетті шарты болып саналады. Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-6 «Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне сәйкес, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтарға көрсетіледі.

Педагогтарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Мұғалім мамандар үшін міне,  осындай және тағы басқа үстемақылар қарастырылған. Иә, әліп білмейтін, әріп танымайтын бүлдіршінді біліммен қаруландыратын  мұғалімдердің еңбегі қажырлы екендігі даусыз. Білім – ғұмыр бойы азық болатын таусылмас құндылық. Еңбек қашанда бағалануымен құнды.  Алдағы уақытта да мұғалімдердің  мәртебесін көтеру жолында жүйелі жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізелетін болады. Себебі, ұстаз мәртебесіне баса назар аударғанымыз, ұрпақ болашағына  бейжай қарамағанымыздың бір белгісі екендігі анық.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар