Таяуда интернет желісі мен әлеуметтік желілерінде жұмыс істеу бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында үш күндік оқыту курсы болып өтті.
Бұл шара Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізілді.
Оқыту курсына фоблыстың SMM-менеджерлері қатысты. Курсты маркетолог, Instagram монетизациялау бойынша тәлімгер, сарапшылардың продюсері, әлеуметтік білім магистрі Әсем Сәлімгереева жүргізді.
– Үш күндік оқу барысында қатысушылар контент түрлері, Instagram-дағы тренд және мәтіндерді қалай дұрыс жазу (копирайтинг), сондай-ақ, практикалық тапсырмаларды орындау туралы үйренді. Әлеуметтік желілер үшін контент құру стратегиясын қалай ойлап табуға, посттар мен жылжыту арналарының мінсіз форматтарын қалай таңдауға болатыны туралы өз ойларымды ортаға салдым, – деді оқыту курсының тренері Әсем Сәлімгереева.
Курс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.