Жастар біліктіліктерін көтерді

Таяуда интернет желісі мен әлеуметтік желілерінде жұмыс істеу бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында үш күндік оқыту курсы болып өтті.

Бұл шара Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізілді.

Оқыту курсына фоблыстың SMM-менеджерлері қатысты. Курсты маркетолог, Instagram монетизациялау бойынша тәлімгер, сарапшылардың продюсері, әлеуметтік білім магистрі  Әсем Сәлімгереева жүргізді.

– Үш күндік оқу барысында қатысушылар контент түрлері, Instagram-дағы тренд және мәтіндерді қалай  дұрыс жазу (копирайтинг), сондай-ақ, практикалық тапсырмаларды орындау туралы үйренді. Әлеуметтік желілер үшін контент құру стратегиясын қалай ойлап табуға, посттар мен жылжыту арналарының мінсіз форматтарын қалай таңдауға болатыны туралы өз ойларымды ортаға салдым, – деді оқыту курсының тренері Әсем Сәлімгереева.

Курс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар