2022 жылдың бірінші жартыжылдығы: Ақмола облысында сальмонеллез инфекциясының 21 жағдайы тіркелді

Сальмонеллез – симптомсыз тасымалдаудан, ауыр септикалық формаларға дейінгі әртүрлі клиникалық көріністермен сипатталатын, адам ағзасына жануарлардан алынатын өнімдермен бірге түсетін Salmonella тектес бактериялардан туындаған жіті жұқпалы ауру.

Сальмонеллезді жұқтыру жолдары алуан түрлі. Ең көп тарағаны ол тағам арқылы: көбінесе жануарлар мен құстардың етін, немесе жұмыртқаны пайдаланған кезде жұқтыру болып келеді. Микробтар жеткіліксіз пісірілген өнімдерге түседі. Инфекция көзі жануарлар, көбінесе үй жануарлары (ірі қара мал, шошқа, мысық, иттер), құстар, сальмонеллезбен ауыратын адамдар немесе инфекцияның сау тасымалдаушылары болуы мүмкін. Сальмонеллезді ластанған су арқылы да жұқтыруға болады – ол ішкенде немесе шомылғанда.

Аурудың белгілері айқын болуы мүмкін немесе көрінбеуі мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда келесі белгілер байқалады: дене қызуының жоғарылауы, жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, қайталанатын сұйық нәжіс.

Адамдар арасында сальмонеллездің алдын алудың негізі мал мен құсты сою процесінде тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге, ұшаны өңдеу технологияларына, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында санитариялық режимді сақтауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралар болып табылады.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысында сальмонеллез инфекциясының 21 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 15 жағдай. Көкшетау қаласында-12, Степногорск қаласында – 6, Бурабай ауданында – 3 жағдай тіркелген. Барлық жағдайлар оқшауланған.

Қоғамдық тамақтандыру және жеке үй тәжірибесінде сальмонеллездің алдын алу үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

• Үйге қайтқанда, тамақ ішер алдында, тамақ әзірлер алдында, дәретханадан кейін, жануарларды күткеннен кейін қолды сабынмен уақытылы және мұқият жуу;

• Стерильді ыдысқа салынбаған, қайнатылмаған сүтті ішпеу;

• Тауық жұмыртқасын қолданар алдында жуу, шикі күйде жеуге болмайды және қайнағаннан кейін кем дегенде 5 минут пісіру;

• Тағамды (шикі және пісірілген, көкөніс пен ет) кесу үшін бөлек кесу тақталары мен пышақтарды пайдалану;

• Пісірілген тағамдар келесі күні қалса, оларды тұтынар алдында термиялық өңдеу керек.

Есіңізде болсын, Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі .

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар