Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Лездік төлемдер жүйесін өнеркәсіптік қолданысқа енгізді - АРҚА АЖАРЫ

Лездік төлемдер жүйесін өнеркәсіптік қолданысқа енгізді

Қазақстан Ұлттық Банкі 24/7 режимінде әртүрлі банктердің клиенттері арасында жедел аударымдар мен төлемдерді жүргізу үшін лездік төлемдер жүйесінің (бұдан әрі – ЛТЖ) жаңғыртылған платформасы өнеркәсіптік қолданысқа берілгенін хабарлайды.

Жүйе қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қызмет көрсететін қандайда бір банкке қарамастан, онлайн қолжетімді болуы үшін және төлем құралдарын пайдаланатын ыңғайлы әрі қарапайым төлем сервисін ұсыну мақсатында әзірленген. Жүйенің функционалдығы ұялы телефон нөмірі арқылы аударымдарды және әртүрлі банктің клиенттері арасында QR-код арқылы төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ЛТЖ қаржы институттары ұсынатын цифрлық қызметтердің ауқымын дамытып, кеңейтуге негіз бола алады.
Сервистерді іске қосу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

бірінші кезең – жеке тұлғалардың телефон нөмірі бойынша аударымдар (P2P-аударымдар);
екінші кезең – QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер (ұлттық QR-код стандартына сәйкес) және сауда ұйымдарының пайдасына жаңа төлем сценарийлерін, оның ішінде сұраныс бойынша төлемдерді жүзеге асыру.

Сервистердің қолжетімділігі туралы ақпаратты клиентке қызмет көрсетуші банктің өзі хабарлайды. Телефон нөмірі бойынша аударым жасау үшін ақша жөнелтушіге өз банкінің – ЛТЖ қатысушысының ұялы қосымшасында алушының ұялы телефон нөмірін енгізіп, аударым сомасын және алушының банкін көрсету жеткілікті болады. Аударылған ақша алушыға оның ЛТЖ қатысушы банктегі шотына лезде түседі.

Ал, банктер өз клиенттері үшін P2P-аударым қызметтерінің тарифін дербес белгілейді.
Бүгінгі таңда екінші деңгейлі 9 банк ЛТЖ-ға қатысу туралы келісім жасасты, оның 4-і өз клиенттеріне ЛТЖ қосып қойды, қалған 5 банк қосылу процесінде.

Жаңа қызмет осы банктердің мобильді қосымшаларындағы ішкі процестердің жетілдірілуіне қарай пайда болады.
Қазақстандық басқа да банктерге ЛТЖ қосу келісілген кестеге сай жоспарлы түрде іске асырылады.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар