Ақмола облысында өсімдіктер карантині бойынша инспектор жалған сертификаттар берген

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Көкшетау қалалық сотының үкімімен ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы – өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы Айнагүл Исмаилова мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 1 жыл және 100 сағат түзеу жұмыстары мерзіміне бас бостандығын шектеуге сотталды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Исмаилова 2021-2022 жылдар аралығында карантинге жатқызылған өнімді тексеруге бармай-ақ, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актілеріне көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Жалған актілер негізінде ол кәсіпкерлерге карантинге жатқызылған өнімді облыстан және ҚР-дан тыс жерлерге ауыстыруға құқық беретін фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар берді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде алдағы уақытта қайталап құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік органға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс енгізді, сондай-ақ профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Арман Рахимов атап өткендей, карантинге жатқызылған өнімді үстіртін қарау оның карантиндік объектілерді жұқтыру қаупінің жоғары болуына алып келеді, бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді. Соңғы бірнеше жылда АӨК саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың бірнеше фактілерін ескере отырып, Департамент осы салаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы егжей-тегжейлі мониторинг жүргізетін болады.

Ұсыныс аясында Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Исмаилованың тікелей басшысы ретінде қарамағындағыларды тиісінше бақыламағаны үшін мемлекеттік қызметтен босатылды, сондай-ақ Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының басшылығы түрлі тәртіптік жазаларға тартылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар