Сессияның күн тәртібіне енгізіледі

Облыстық мәслихаттың экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық бюджетке болжамды өзгерістер және ауыр сырқаттармен ауыратын азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары А.Шугурмакова жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға 2021 жылы бөлінген кредитті республикалық бюджетке қайтару қажеттігі туралы хабардар етті. Кредиттік ұйыммен жасалған шарт бойынша көзделген қаражатты игеру кезеңі (бұл шамамен 1,5 миллиард теңге) 12 айды құрайды және ол қол қойылған күннен бастап есептеледі. Бұл жағдайда 6 тамызға дейін бірқатар объективті себептерге, оның ішінде жаңа әлеуетті клиенттер ағынының болмауына, қарыз алушыларда кепілмен қамтамасыз етілуіне, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды тоқтатуына байланысты бөлінген қаражаттың шамамен 30 пайызы игерілмеген күйінде қалып отыр, ал, олардың уақтылы қайтарылмауы айыппұлдар түріндегі жауапкершілікті көздейді.

Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында азаматтық қызметшілердің жалақысын көтеруге арналған қаражатты қайта бөлу мәселесі қаралды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов қазіргі уақытта облыста қымбат дәрі-дәрмек сатып алуға көмекке мұқтаж азаматтар аз емес екенін атап өтті. Бұл ретте, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы бұйрығы негізінде жүзеге асырылады, онда аурулардың және бюджет қаражаты есебінен төленетін дәрілік заттардың нақты тізбесі айқындалған. Алайда, жыл сайын сирек және аса ауыр аурулары бар жекелеген пациенттер жоғарыда көрсетілген тізбеге енбеген қымбат дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөнінде өтініш жасайды. Сондықтан, басқарма талқылау үшін сирек кездесетін және аса ауыр аурулары бар адамдарға тегін берілетін дәрілік препараттардың бұрын бекітілген тізбесіне өзгерістер енгізу туралы құқықтық актінің жобасын ұсынды.

Жоғарыда аталған барлық мәселелер облыстық мәслихаттың алдағы сессиясына енгізілетін болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар