«Жер иісі» – жиырма тілде

Бұған дейін ағылшын тіліне аударылған «Сказ столетнего степняка»  романымен шет елдерге де танымал бола бастаған Баянғали Әлімжановтың «Жер иісі» кітабы баспадан шықты.

Мұнда ақынның әлемнің 20 тіліне аударылған өлеңдері мен поэмалары топтастырылған. Олар ағылшын, орыс, түрік, испан, француз, қытай, қырғыз, араб, әзірбайжан, ұйғыр, жапон, моңғол, мажар, өзбек, қарақалпақстан, удмурд, татар және башқұрт сияқты тілдер. Аудармалар бірін-бірі қайталамайды. Кітапқа шет ел тілдерінде ақынның «Абылай хан», «Ер Жәнібек батыр», Жұмабек Тәшенев туралы «Жұмабек батырдың жұлдызы», Тоқтар Әубәкіров туралы «Ғарыш қазағы», «Таксидегі тағдырлар» және «Пандемия» поэмалары енгізілген. Кітаптағы туындылар ақынның бірнеше жылдан бері әр тілге аударылып келген шығармалары. Көлемі 240 бет. Өлеңдері әр бетте екі бағанмен берілгендіктен, кітап көлемін 500 бет десек артық емес.

«Жер иісі» өлеңдер мен поэмалар жинағының бір бөлімі «Әлем әуендері» деп аталады. Мұнда ақынның ондаған елдерге арналған өлеңдері топтастырылған. Ал, «Әлемнің әзілі әлемі» бөлімінде «Атланттан өткен аталарым» атты әзіл поэмасы да  оқырманды өзіне тартпай тұрмайды. Сондай-ақ, «Түгел түрік баласы» топтамасында ақын барлық түрік халықтарын жырға қосқан.

–Дүние кең, халық көп, әр жылдары өзімді толғандырып, қызықтырған жағдайларды жырлаумен келе жатқан қазақтың қарапайым бір баласымын. Сол өлеңдерімде өзге елдердің ақындары қызығып, тәржімаларын жасаған. Міне, бұл кітабымның сыры осы,–дейді ақын өзінің жаңа кітабы жайында.

Соңғы кезде оқырмандарын одан сайын тың, жаңалыққа толы шығармашылығымен тәнті етіп келе жатқан авторға жаңа биіктерден көріне беріңіз дейміз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар