— 1 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2021 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 958,
Алматы қаласында — 345,
Шымкент қаласында – 18,
Ақмола облысында – 65,
Ақтөбе облысында – 63,
Алматы облысында — 62,
Жетісу облысында — 75,
Атырау облысында — 13,
Шығыс Қазақстан облысында — 20,
Абай облысында — 25,
Жамбыл облысында — 41,
Батыс Қазақстан облысында — 32,
Қарағанды облысында — 150,
Ұлытау облысында — 20,
Қостанай облысында — 20,
Қызылорда облысында — 38,
Маңғыстау облысында — 15,
Павлодар облысында — 41,
Солтүстік Қазақстан облысында — 14,
Түркістан облысында — 6.
31 шілдеде коронавирустың 2414 жағдайы анықталған болатын. Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда инфекция 1 354 615 адамда тіркелді.