Қырыққұдық ауылы қарқынды даму үстінде

Қырыққұдық ауылы Степногорск қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан және республикалық маңызы бар Макинск-Ақсу-Торғай автожолының 105 шақырымында орналасқан.

Ауылда 80 үй бар, онда 146 отбасы, барлығы 550 адам тұрады. Ондағы 249 адам еңбекке қабілетті халықтың қатарынан болса, 96-сы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал алтауы ғана жұмыссыздар қатарындпа. Ауылда 40 зейнеткер, 25 мүгедек жандар, 18-і көп балалы отбасылар. 123 ауланың 94-інде жеке қосалқы шаруашылықтары бар. Ағымдағы жылдың 1шілдесіндегі мал басына тоқталсақ, ауылда 2051 бас ірі қара, 2265 бас ұсақ қара мал, 1009 бас жылқы, 1200 бас құс  өсіріледі.Ауыл аумағында «Ислам», «Нұрдәулет» атты екі шаруа қожалығы және мал шаруашылығын дамытумен айналысатын 17 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, сауда-саттық қызметімен айналысатын екі жеке кәсіпкер бар.

Ауылда екі отбасындағы тоғыз адамға 177,1 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оған қоса, төрт адамға 933,6 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі. Екі бала жоғары оқу орнында білім алуда. Сонымен қатар, туберкулез ауруымен сырқаттанған бір адамға 45,9 мың теңге, онкологиялық енм қабылдайтын бір науқасқа 47,7 мың теңге қаражат қарастырылған. Халықты жұмыспен қамту орталығына 11 адам жүгінген. Соңғы мәлімет бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 11 адам қатысушы болып тіркелген.Оның ішінде үшеуі «Ислам» шаруа қожалығына әлеуметтік жұмыс орындарына,сегізі қоғамдық жұмыстарға тартылған, яғни,  «Қырыққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-іне, Қырыққұдық ауылының жалпы білім беретін мектебіне жұмысқа орналасқан.

Ауыл аумағындағы «Қырыққұдық ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз мәртебесі бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқытатын шағын жинақты орта мектеп. Онда 89 оқушы білім алады, осы мемлекеттік тілде оқытатын мектепалды сыныпта 11 бала бар.Мектеп жанында 25 бала тәрбиеленетін «Айгөлек» шағын орталығы жұмыс істейді. Мектепте барлығы 54 қызметкер, оның ішінде 29 педагог еңбек етеді, оның 21-і жоғары білімді. 2022 жылғы жұмыстың маңызды бағыты қалалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады. Антитеррорлық жоспарға сәйкес мектепте 2 миллион теңгеге белдік турникет орнатылды. Қауіпсіздік мақсатында 17 бейнебақылау камерасы орнатылып, мектеп қазандығына ағымдағы жөндеу жүргізілді. “Айгөлек” шағын орталығына керекті заттар сатып алынды.Мектеп қызметкерлерінің күшімен бірінші және екінші қабаттағы кабинеттерге, асханаға, спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан оқушыларға үлкен қолдау көрсетіледі. “Жаппай оқыту” қорынан 46 оқушы тегін ыстық тамақпен, мектеп және спорт формасымен қамтамасыз етілген, екі оқушы Құмажан өнімдерін жеткізуші есебінен тегін тамақтанады.

Ауылдамедициналық пункт жұмысістейді. Жеңілдікпен дәрілікпрепараттарменқамтамасызетутолықкөлемдежүзегеасырылады. 20 маусымдаауылдажылжымалыфлюорографжұмысістеді, онда 241 адам немесе тұрғындардың 100 пайызы тексеруденөтті. Ай сайын педиатр қабылдау жүргізеді, балалар жоспарлы егулер алады. Балалар мен ересектерге скринингтік тексеру жүргізілді.Ауыл тұрғындарына кеңес беру үшін арнайы мамандардың жоспарлы жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.

Балалар дене шынықтыру сабақтарында және сабақтан тыс уақытта секцияларда спортпен шұғылданады. Сондай-ақ, ауылда жастар арасында спорт секцияларын өткізетін спорт әдіскері бар.

Ауылда 108 үйде, яғни, бүкіл тұрғын үйлердің 89 пайызында орталықтандырылған сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.

Ауылға Степногорск қаласының Ақсу кенттік полиция бөлімшесі қызмет көрсетеді. Кесте бойынша жұмыс істейді. Ауылға үнемі барып тұрады.Ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ.Халықтың 100 пайыз телефондандырылған, WI-FI, Отау, Қазақтелеком байланысы бар. Сондай-ақ Kcell, Aktiv, Tele 2, Altel, Beeline ұялы байланысы және Кселл мобильді интернеті бар.

2022 жылдың қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.Жылыту және тамақтану пункті қарлы боран кезінде 10 адам қабылдады.Су тасқынына қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Көктемде санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы аясында 4 сенбілік өткізілді, 12 текше метр қоқыс шығарылды, сондай-ақ, барлық бағаналар, ағаштар, бордюрлер ақталды. Халық қаражаты есебінен 2000 текше метр тұрмыстық қоқыс шығару ұйымдастырылды.Қазіргі уақытта қоғамдық қызметкерлер тазалықты сақтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар сапалы және уақтылы жүргізілді. “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында облыстық бюджет қаражаты есебінен Ыбырай Алтынсарин көшесіндегі жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оған 24.4 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда қиыршық тас негізі қаланды. Тамыз айында жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

2022 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған жұмыстар мыналар: А.Құнанбаев, М.Мәметова және С.Сейфуллин көшелерін жарықтандыру қажет. Қоқыс шығару, табиғи заңды полигондарды жою. С.Сейфуллин көшесінде шарбақтар орнату бойынша жұмыстары атқарылады. Ауылдың орталық алаңына металл қоршау орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. 100 түп қарағай, 150 түп жапырақты ағаш отырғызу міндеті тұр. Жолдарды қиыршық-құм қоспасымен себу. Қалған 15 үйде орталықтандырылған сумен жабдықтауды қолға алып жатырмыз.  Қазіргі уақытта барлық жұмыстар бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды. Осы жұмыстарға жергілікті бюджеттен 17,5 миллион теңге бөлінді.

Дулат ЖАХИН,

Қырыққұдық ауылының әкімі.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар