Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыз сақталған 50-ге жуық қару тәркіленді - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыз сақталған 50-ге жуық қару тәркіленді

Ақмола облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен өңірімізде «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті.

Атыс қаруымен, оның ішінде тіркелмеген атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында өткен іс-шара барысында заңсыз сақталған 50-ге жуық қару тәркіленді.

Ақмола облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Арман Шәріповтың айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шара барысында 17 тегіс ұңғылы, 5 травматикалық, 5 пневматикалық қару мен 22 оқ-дәрі тәркіленді.

Қазіргі таңда анықталған деректер бойынша арнайы сараптама жүргізіліп, тергеу өтуде. Мәселен, Ерейментау ауданы тұрғынының жекеменшік үйінің аумағында еш жерде тіркелмеген тегіс ұңғылы қару табылды. Осы ауданның тағы екі азамат полиция қызметкерлеріне өз еркімен «HATSAN» маркалы 4.5-ші калибрлі пневматикалық винтовка мен «Револьвер» тапаншасын тапсырған. Сандықтау ауданының Веселое ауылы тұрғынының жекеменшік гаражынан «ТОЗ-16» маркалы қос ұңғылы мылтық тәркіленді. Сонымен қатар, жедел алдын алу шарасы барысында Ақкөл ауданының 58 жасар тұрғынынан белгісіз маркалы тапанша, ұсақ калибрлі мылтықтан 19 патрон, 12 және 16 калибрлі қарудан гильза табылды. Ерекше екпін түсіріп айта кететін жәйт,еш жерде тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен толығымен босатылады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар