Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына барынша заманауи әрі ыңғайлы қызмет түрлерін ұсынып, оларды үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Ал маңдай теріңмен жинаған зейнетақы қаражатыңның сомасын,жұмыс берушіден түсетін жарнаныүнемі қадағалап, болашақта лайықты зейнетақыға қалай қол жеткізуге болады?Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін тілшіміз Ақмарал Айғара«БЖЗҚ»АҚ Ақмола облыстық филиалының тыныс-тіршілігімен танысып, білікті мамандарымен пікірлесіп қайтты.
Ерікті жарнаны жинаңыз
Сағат 9.00-де мен Көкшетау қаласының Н.Назарбаев даңғылы, 29г мекен-жайындағы«Капитал» бизнес-орталығында орналасқан филиалдың есігіне бас сұғып,жылы шыраймен қарсы алғаноперациялық зал мамандарымен алғашқы таныстығымды бастадым. Кеңесші Кенжегүл Ыдырысова келу мақсатым туралы сұрап, талон алуды ұсынды. Алдымен жеке зейнетақы шотымды тексеру бойынша кеңес беруді өтініп, күту залына өттім. Көп ұзамай менің де кезегімкелді.
Операциялық бөлімінің жетекші маманы Ақнұр Түнғатарова зейнетақы шотымнан үзінді көшірмесін басып шығарғаннан кейін болашақта лайықты зейнетақы алуым үшін қанша қаражат жинау керектігін сұрадым.
–Егер сіз 1998 жылға дейін жұмыс істеген болсаңыз және жұмыс өтіліңіз кем дегенде 6 ай болса, онда зейнетақыңыз ортақ, базалық және жинақтаушы бөліктерден құралады. Ал, егер 1998 жылға дейін жұмыс істемесеңіз, онда зейнетақы тек базалық және жинақтаушы бөліктен тұрады. Бұл жағдайда мемлекет ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең сомаға кепілдік береді. Ал, бұл сомаға алаңсыз өмір сүрудің қиын екені белгілі. Сондықтан, лайықты зейнетақы алу үшін қазірденбастап ойлану керек. Көп адамдар қария шақтың ауылы әлі алыс және болашақтағы зейнетақы қорын жинақтауға уақыт жеткілікті деп ойлайды. Өкінішке орай, уақыт зымырап өте шығады және зейнетке шығуға бір-екі жыл қалғанда ғана көпшілікбұл туралы ойлана бастайды. Ал, дәл сол уақытта шоттағы жинақ қалағаныңдай бола бермейді. Демек, зейнетақы жарналарын уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды. Сонымен қатар, міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ерікті зейнетақы жарналарын да аударуға болады. Бұл болашаққа көбірек қаражат жинауға көмектеседі, – деп атап өтті Ақнұр Ербатырқызы.
Шынында да ерікті зейнетақы жарналары – бұл салымшының өз бастамасымен БЖЗҚ-ға өз пайдасы үшін де, үшінші тұлғалардың мысалы, зейнетақы жинақтары жеткіліксіз туған-туыстарыныңпайдасына да сала алатын қаражат. Бұдан басқа, жұмыс беруші заңды тұлғалар да өз қызметкерлерінің пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын аудара алады. Ал, жарна сомасы мен кезеңділігін салымшылар дербес айқындайды.
Сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үшін тиімді. Оның тұрақты аударылуы келешекте жақсы зейнетақы алуға мүмкіндік береді.
Тағы бір атап кететін жайт, салымшыда ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемді 50 жасқа толғанда, мүгедектік белгіленген кезде, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенде, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да кемінде 5 жыл болған жағдайда алу құқығы бар. Ерікті зейнетақы шотындағы қаражат инвестициялық табыс есебінен үнемі өсіп отырады.
Салымшылар үшін тағы бір жағымды жаңалық барлық жарналар бойынша зейнетақы шоттары алғашқы жарна түскенде автоматты түрде ашылады.Ерікті зейнетақы жарналары алмастыру коэффициентін арттырудың тиімді тәсілі және жинақтаушы зейнетақыны қалыптастырудың қосымша көзі болып табылады. Осылайша мен өз зейнетақымды жоспарлай аламын және еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі лайықты өмірімді қамтамасыз ете аламын.
Шаруасы көп бөлім
Филиалдыңбарып қызмет көрсету бөлімінде өткен лездеме барысында бөлім бастығы салымшылармен жұмыс істеу бойынша қысқаша нұсқаулар беріп, алдағы күннің жоспарлары талқыланды. Мұндай кездесулер жәй есеп үшін өткізілмейді. Бөлімнің жұмыс көлемі шынымен де ауқымды. Тоғыз мобильді агенттердің әрқайсысына қаланың 15-20 шақтыірі және шағын ұйымдары мен кәсіпорындарынан келеді. Сонымен қатар, кесте бойынша қандай да бір себептермен, мысалы денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне өзі бара алмайтын адамдармен кездесу де көзделген. Мобильді агенттің күнделікті жоспарына кемінде 3-4 кездесу кіреді. Барлығына үлгеру үшін барып қызмет көрсету бөлімінің мамандары алдын ала шақырылып, жоспарланған кездесулерді растайды, содан кейін сапар бағыты белгіленеді.
– Мобильді агенттің жұмыс күні әдетте 9.00-де басталады, бірақ бәрі жоспарланған кездесулерге байланысты. Жұмыс таңғы сағат 6-7-де басталуы да мүмкін. Себебі, кейбір ұйымдарда ауысымдық жұмыс кестесі және таныстыру рәсімін өткізу немесе ақпараттандыру тәсілін өзгерту бойынша қосымша келісім жасалады, – дейді барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Азамат Мұхамеджанов.
Әр жұмыс күні ол салымшылармен жеке кездесіп, сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін қабылдайды. Азамат зейнетақы жүйесінде сегіз жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол бүгінгі жұмыс кестесі бойыншаАқмола облысындақұрылыс материалдарын өндірумен айналысатын ірі кәсіпорын қызметкерлерімен және тағы бірнеше кездесу өткізуді жоспарлаған екен.
Жалпы Қормамандарыжергілікті кәсіпорындармен ынтымақтаса жұмыс істеуде. Бұл өзара тиімді процесс деп аталады. Қор үшін адамдардың болашақ зейнетақы капиталын қалыптастыруға қатысты сауатты көзқарасы, ал кәсіпорын басшылары үшін қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалғаны маңызды.
Өз кезегімізде «Мұндай кездесулерде қандай сұрақтар қойылады?»,- деп қызығушылық таныттық.
– Сауалдар әр түрлі. Мысалы, адам жұмыс істеп жүріп, Қор кеңсесіне баруға уақыт таппайды. Бірақ білгісі келетін сұрақтары бар, әрине. Біздің мамандардың міндеті – оларға жауап беру. Біз әрбір салымшымен жеке тілдесіп, оның жинақтарына байланысты, зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлері туралы түсінік береміз.Қазір электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен Қор қызметтерін онлайн режимде алуға болады. Біздің салымшыларымыздың көбі қызметтерді нақ осындай тәсілмен алатынын атап өткім келеді. Қазір тұрғындар белсендірек бола бастады. Олар ЭЦҚ пайдаланудыңуақытты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретінін жақсы түсінеді. Сондықтан, қолжетімді заманауи технологиялардың барлық артықшылықтарын ұсынумен пайдалануды үйретуде көмек көрсетеміз, – дейді Азамат Мұхамеджанов.
Барып қызмет көрсету бөлімінің мамандары әрдайым жол үстінде. Өздері мұндай жұмыс кестесіне үйреніп қалған. 2019 жылдың қараша айынан бастап Ақмола облыстық филиалында спутниктік байланысы бар қажетті техникамен жабдықталған арнайы автокөлік – «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылып, жұмыс істеуде. Осы жобаның арқасында бөлім мамандары шалғай елді мекендердегі салымшыларға барып, қызмет түрлерін ұсынады.
–Бөлімнің алдына қойылған басты міндет –салымшыларды өз зейнетақысын жоспарлауға, Қор сайты арқылы өз бетінше электрондық қызметтерді алуға, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістерден хабардар болуға үйрету. Сонымен қатар, оларға мекен-жайлары өзгерген жағдайда, жеке куәліктері жоғалған немесе жаңартылған кезде 10 күн ішінде зейнетақы қорын хабардар етудің және салымшы деректерін базада өзгертудің қажет екенін түсіндіреміз. Мұны салымшылардың көпшілігі білмей жатады, – дейді бөлімінің бас маманы Әлия Жакина.
Бөлім мамандары денсаулықтарына байланысты Қор кеңсесіне бара алмайтын жандарға ерекше назар аударады екен.
–Ол үшін мүмкіндігі шектеулі жандар не істеулері керек?
–Қандай да бір қызметтерді алу қажеттілігі туралы БЖЗҚ сайтында өтінім қалдыру немесе 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу қажет. Өтінімді алғаннан кейін біз өтініш берушімен хабарласып, оған ыңғайлы уақытты белгілейміз, – деп түсіндіреді Ә.Жакина. – Шот ашумен, өзге ресімдеумен байланысты барлық мәселені біз сол жерде шешеміз. Сондай-ақ, мерзімсіз уақытқа 1 және 2 мүгедектік тобы белгіленген адамдарға қоңырау шалып, олардың зейнетақы жинақтарын алу құқығы туралы хабарлаймыз.
Басшының да айтары бар
Аяш Хәкімқызы Кеншінбаева басқаратын облыстық филиалдың алдында зейнетақымен қамсыздандыру саласында халықтың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың зейнетақы жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ, дербес зейнетақы жоспарларының мәдениетін қалыптастыру сияқты ауқымды міндеттер қойылған. Осыған орай, әртүрлі ұйымдарда 750-ден астам көшпелі тұсаукесерлер өткізіліп, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында алты жүзден астам түрлі материалдаржарық көрген.Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу,«БЖЗҚ» АҚ қызметінің ашықтығы мен жариялылығын арттыру мақсатындатоқсан сайын «Ашық есік» күндері өткізіледі.
– Біздің филиалдың жұмысы үнемі жетілдіріліп отырады. Көптеген адамдар өкінішке орай, өздерінің зейнетақы аударымдарын қадағаламай жатады. Сондай сәтте мамандарымыз әрбір азаматқа өзінің жинақтарын қадағалаудың, болашақ зейнетақы капиталын жоспарлаудың, ол үшін бүгіннен бастап қаржылық сауаттылыққа үйренудің қаншалықты маңызды екенін тұрақты түрде түсіндіріп отырады,– дейді Аяш Хәкімқызы.
…Филиал ұжымының бір күнгі жұмысын ой елегінен өткізе отырып, өз болашағымыз туралы қазірден бастап ойланудыңқажеттігін терең ұғындым. Ұғындым да… қоштасар сәтте Қордың еnpf.kz сайтындағы зейнетақы калькуляторын қалай пайдалануды үйретуді өтіндім. Бұл жерде болжам бір емес, бірден үш нұсқада беріледі екен; пессимистік, шынайы және оптимистік. Ал, мұның қай нұсқасының келешекте нақты шындыққа айналатыны тек өзімізге байланысты жағдаят.
Ақмарал АЙҒАРА.