Ақмола облысы – жасыл аймақта

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина «COVID-19, пневмококк инфекциясы, кене энцефалитімен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайы және оның алдын алу шаралары, коронавирусқа қарсы вакцинация мен ревакцинация, ауыз су сапасы мониторингінің нәтижелері туралы» хабарлама жасады.

Бүгінде COVID-19 қауіпті індеті бойынша Ақмола облысы жасыл аймақта. Бірақ, бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап COVID-19 індеті қайта байқалды. Тамыз айының басынан 300-дей адам тіркелген. Мәселен, 28 шілде мен 3 тамыз аралығында 752 жағдай тіркеліп отыр. Індеттің мұндай өршуінің себебін уақтылы екпе мен ревакцинация жасамау деп түсіндірді облыстың бас санитарлық дәрігері. Нақтырақ айтсақ, тамыз айында ауру жұқтырған 289 адамның 180-і екпе алмаса, 75 адам дер кезінде қайта егілмеген.

– 2021 жылдың 22 қарашасынан бері 162130 адам вирусқа қарсы екпе алды. Барлығы 30133 адам қайтадан ревакцинациямен қамтылды, бұл тиісті контингенттің 100 пайызын құрайды, – дейді Айнагүл Мусина.

Сонымен қатар, хабарламашы өңірдегі ауыз судың сапасыздығына да тоқталды. Ол халыққа тек тазартылған ауыз суды ішуге кеңес берді. Себебі, қаладағы су құбырының жағдайы мәз емес, ондағы сол суды тұтыну түрлі ауруларды тудыруы мүмкін. Санитарлық дәрігерлер ауыз судың сапасын жүйелі түрде бақылайды. Кенелермен абай болуды ұмытпауды да қаперге салады.

Табиғатқа шыққанда міндетті түрде арнайы қорғаныс құралдарын киіп, үйге келген соң киіміңізді тексеріп алғаныңыз дұрыс. Әсіресе, тамыз айында кенелер өте белсенді болады. Кене теріге түскен жағдайда медициналық көмекке жүгіну керек екені де баса айтылды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар