Ақмола облысының 2022 жылғы маусым айындағы инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы маусымда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсан айына қарағанда 110,6% құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде – 104,4%, республикалық мағынада тиісінше 110,5% және 104,6% құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5%-ға, азық-түлік тауарлары – 15,0%-ға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 6,2%-ға қымбаттады.

2022 жылғы 26 сәуірден бастап 2022 жылғы 25 шілдеге дейін базалық мөлшерлеме 14,0% құрады. 2022 жылғы 26 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 14,5% құрайды.

Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда азайып, 83,9 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 32,0 млрд. АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 51,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2022 жылдың маусым айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 442,35 теңгені, еуроға – 468,36 теңгені, ресей рубліне – 7,79 теңгені құрады.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысында 62 айырбастау пункті, оның ішінде: 48 – банк филиалдарының, 7 – «Қазпошта» АҚ-ның және 7 уәкілетті ұйымның 7 айырбастау пункті жұмыс істейді.

2022 жылғы маусымда облыстағы айырбастау пункттері 6,2 млн. АҚШ долларын, 3,0 млн. еуро және 283,0 млн. ресей рублін сатты. 2021 жылғы маусым айында – 6,8 млн. АҚШ доллары, 1,3 млн. еуро және 530,6 млн. ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 266,2 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,0%-ға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 2,9%-ға азайды.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 85,4%-ды құрайды.

Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 9,6%, шетел валютасы бойынша – 0,8% болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 362,7 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 355,3 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 30,0%-ға, өткен аймен салыстырғанда 4,2%-ға өсті (2022 жылғы 1 маусымға – 340,9 млрд. теңге).

2022 жылғы маусымда облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2022 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 3,9% азайып, 27,2 млрд. теңгені құрады.
2022 жылғы маусым айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 16,9%-ды құрады.

2022 жылғы маусымда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 96,8% болды.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 126,5 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы маусым айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 11,2%-ға өсіп, 13 311,0 млн. теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 107,9 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы маусым айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 4 812,8 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 4,0% немесе 184,3 млн. теңгеге ұлғайды.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы 1 шілдеге 58,6 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы маусым айында 6 242,2 млн. теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 22,0%-ға өсті (2022 жылғы мамырда – 5 117,7 млн. теңге берілді). 2022 жылғы маусымда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 17,8% құрады.

Төлем карточкалар нарығы.
Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2022 жылғы 1 шілдеге 1 361 мың бірлікті құрады (алдынғы аймен салыстырғанда 2,2%-ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,3%-ы.

2022 жылғы маусым айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 168 591,8 млн. теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 15,5%-ға өсті). Транзакциялар саны 11 593,8 мың транзакцияны құрап 10,5%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 11,1% өсіп, 10 796,7 мың транзакцияны құрады, сомасы 19,2%-ға өсті (мөлшері 117 286,9 млн. теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 2,1%-ға дейін өсті (транзакциялар саны 797,1 транзакцияны құрады), сомасы 7,9%-ға өсті (мөлшері 51 304,9 мың теңгені құрады).

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 22 835 POS-терминал, 395 банкомат, 14 085 кәсіпкер; 19 804 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар