Ерте жастағы балаларды оңалту орталығы ашылды

Степногорск қаласында «Қамқорлық» ерте жастағы балаларды оңалту орталығының ресми ашылуы болып өтті. Салтанатты шараға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық  қоры» Корпоративтік Қорының директоры Арайлым Еркінова, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров және  Степногорск қаласының әкімінің орынбасары Гүлназ Әбілова қатысты.

«Қамқорлық» орталығы Степногорск қалалық көпбейінді  аурухана базасында орналасқан және ол осы жылдың ақпан айында жұмысын бастаған. Жыл сайын осы жерден дамуында ауытқушылықтары бар және олардың пайда болу қаупі бар 600 ерте жастағы балалар оңалту көмегін алады. Сондай-ақ, жаңа жабдықтарда диагностикалық аудиологиялық тексеруден және бас миының ЭЭГ-нан өте алады. Балалармен реабилитолог-дәрігерлерден, неврологтардан, ЕДШ нұсқаушыларынан, эрготерапевтерден, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандардың мультидисциплинарлық командасы жұмыс істейді.

Мүгедектіктің негізгі қауіп факторларының бірі – шала туылған нәрестелердегі орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. 2020 жылы 427303 бала дүниеге келген. Оның ішінде шала туған 22070 бала бар. Ғылыми ақпарат көздеріне сүйенсек, шала туылған нәрестелер арасында мүгедектік пайызы 20-дан 30 пайызға дейін, ал, 6 пайызы толық жетілгендер. Осылайша, 2020 жылы туылған 28728 баланың бұзылу және кейіннен мүгедектік тәуекелі болған.

«Қамқорлық» орталығының негізгі мақсаты – балалар арасындағы ерте мүгедектіктің алдын алу. Сондықтан, баланың өмірінің алғашқы айларынан бастап оған білікті жан-жақты көмек көрсету өте маңызды. Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Абай, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы «Қамқорлық» бастамасы аясында ашылған тағы 6 жас балаларға арналған орталықтардағыдай бұл орталықта да осы міндет сәтті орындалуда.

– Өмірдің алғашқы айлары мен жылдарынан бастап функцияларында ауытқуларын дұрыс жүргізілген диагностика және түзету орын алған өзгерістерді жұмсартып қана қоймай, жаңа бұзушылықтардың пайда болуын көздеу, балалардың әлеуметтік бейімсізденуінің ауырлығын азайту, әрбір бала үшін барынша мүмкін болатын өмір сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді, – дейді «Қамқорлық қоры» Корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.

2023 жылы осындай орталықтар тағы да 13 өңірде ашылады деп күтілуде. Бұл ауқымды жобаның серіктестері – ҚР Үкіметі, өңірлердің әкімдіктері, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Қазақстан халқына» қоры, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «Samruk-Kazyna Trust» қоры.

«Қамқорлық» бастамасын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жынысына, жасына, этникалық тегіне, мәртебесіне, сондай-ақ физикалық немесе менталдық жағдайына қарамастан, барлық азаматтар үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау мақсатында жүзеге асырады. Алғашқы екі кезең аясында Қазақстан өңірлерінде 15 оңалту орталығы, 16 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылған.

2023 жылы қосымша 13 ерте араласу орталығын, яғни, аутизммен және басқа да менталдық бұзылулары бар балаларға арналған 8 орталықты ашу жоспарлануда.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар