Өңірдегі жағдайға қанықты

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Астрахан ауданына барып, аудан әкімі Нұрлан Сейіловпен және аудандық мәслихаттың хатшысы Мейрам Қожахметпен кездесті.Олармен бірге бірқатар елді мекендерде болып, сол жердің ардагерлерімен жүздесіп,«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберіндегі жобалардың іске асырылуымен танысты.

Колутон ауылдық округінде көше-жол желісін жөндеу барысы қаралды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы округ әкімі А.Балғабаев айтып берді. Оның сөзінше, жөнделіп жатқан жол төсемінің ұзындығы 2,2 км, бұған 62,7 миллион теңге бөлінген. Жобаны іске асыру мерзімі – 2022 жылғы 15 маусымнан 2023 жылғы 10 шілдеге дейін. Өз тарапынан Талғат Тұрлыбекұлы уақытты созбай, жұмысты тездетуді ұсынды, өйткені, жөндеуауыл түрғындарына көптеген қолайсыздықтар тудырады.

Колутон орта мектебін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 285 миллионтеңге бөлінді, бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ. Шаяхметова және мектеп директоры А. Ақсейітова айтып берді. Оқу орны 1964 жылы салынған және 250 оқушыға есептелген. Бүгінде мұнда 17 сыныпта 112 оқушы және мектепалды даярлық топтарында 20 бүлдіршіноқиды. 2020 жылы бірінші және екінші қабаттардың кабинеттеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, оған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 9192,266 мың теңгеден астам қаражат бөлінді. Ал биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мектептегі облыстық мәслихат хатшысымен кездесуге жергілікті қоғамдастық өкілдері келіп, өздерінің ұсыныстары мен өтініштерін білдірді.

Еңбек ауылында су құбырының тарату желісін салу керек болатын, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 44 миллион теңге бөлінді. «Компания АрАй-НС» ЖШС-мен 78,2 миллионтеңге сомасына келісім-шарт ағымдағы жылдың сәуір айында жасалды, бірақ, бүгінгі күні сот талқылауы жүріп жатыр.  Белгілі болғандай, компания қаржылық тұрақтылық туралы жалған ақпарат берген.Дегенмен, жұмыс одан әрі жалғасуда.

Старый Колутон ауылының көше-жол желісін орташа жөндеу «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда, 3,8 шақырым жолды жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы алғанда 98,9 миллион теңге бөлінді. Жобамен жеті көше қамтылды, жұмыстар жалғасуда.

Ескі Колутон ауылының дәрігерлік амбулаториясын да жөндеу қажет. Астрахан аудандық ауруханасының бас дәрігері Е.Құрманов орын алған проблемалар туралы айтып, облыстық мәслихаттың қолдауына үміт білдірді.

Сонымен қатар Т.Жүнісов Жалтыр ауылында «AZAM KC» ЖШС астық кептіру кешендерін өндіру цехында болды. 90 адам еңбек ететін кәсіпорын 2012 жылы құрылған, компания өнімі ішкі нарықта сатылады. Кәсіпорын басшысы А.Мусин айтып өткендей, зауыт бірегей болып табылады, мұнда барлық қосалқы бөлшектерді дайындаудан бастап, тапсырыс берушінің аумағында жабдықты құрастыру мен монтаждауға дейінөндірістің толық циклі енгізілген. Өндірісте қолданылатын шикізаттың импорты 10 пайыздан аспайды, қалғаны – тіркелген патенттері бар жеке әзірлемелер. Зауытта өзінің конструкторлық бюросы бар. Мұнда өз мамандарын мақтан тұтады.

Астраханка ауылындағы аудандық мәдениет үйінің шатыры жөнделуде. Мәдениет бөлімінің басшысы Ғ.Қарасаеваның айтуынша, жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 82 миллион теңге бөлінген. Бұл аудан орталығы үшін үлкен қолдау. Оның үстіне ғимараттың өзі 1976 жылы салынған, 2010 жылы 16,6 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биылғы жылы облыстың қолдауының арқасында ғимарат шатыры ретке келтірілетін болады.

Аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуде Талғат Тұрлыбекұлы өңірдегі ағымдағы жағдайды, сайлаушылармен жұмыс нәтижелерін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың жобаларын талқылады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар