Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Газада палестиналықтар мен Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енді - АРҚА АЖАРЫ

Газада палестиналықтар мен Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енді

ГАЗА. ҚазАқпарат – Израиль мен Палестина арасындағы атысты тоқтату жексенбі күні кешке күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат USA Today агенттігіне сілтеме жасап.

Жұма күнінен бастап Израиль ұшақтары Газадағы нысандарға соққы берді, ал Иран қолдаған «Палестиналық исламдық жиһад» қарулы тобы жауап ретінде Израильге жүздеген зымыран жіберген. Трансшекаралық әскери операциялардың толық ауқымды соғысқа айналу қаупі Египеттің делдалдығы арқылы бейбіт келісімдерге қол жеткізілгенше сақталды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі зорлық-зомбылықтың күшеюін талқылау үшін дүйсенбіде шұғыл жиналыс өткізуді жоспарлады. Осы айда Кеңеске төрағалық ететін Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде БАӘ-нің өтініші бойынша сессия өткізуді жоспарлап отыр. Израиль әуе шабуылдарының салдарынан 15-ке жуық содыр қаза тапты.

Оның ішінде «Палестиналық исламдық жиһады» командирлерінің бірі Халед Мансұр да бар. Израиль әскери күштерінің мәліметінше, Газадағы содырлар Израильге қарай 580-ге жуық зымыран атқан. Олардың көпшілігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары арқылы атылған, екеуі Иерусалим бағытына атылған.

Фото:usatoday.com

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар