Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 12:11-де облыс орталығындағы Васильковка шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден шыққан.
«Өрт аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер тұрғын үйде болған 14 адамды эвакуациялады, оның 4 бала. Арада 15 минут өткенде өрт ауыздықталып, сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді ведомстводан.
ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 9 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.