Ақмола облысының əкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті құрылыс саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын!

Кез-келген уақытта сіздің мамандығыңыз ең бейбіт және шығармашылық мамандық болып саналады. Сіздің қолдарыңыз біздің облыстың келбетін қалыптастырып жатыр: жаңа тұрғын үй шағын аудандар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар, балабақшалар, мектептер мен ауруханалар салынуда.

Сіздерге еселі еңбегіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз үшін, мамандығыңызға адал болғаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Өңіріміздің қалалары мен ауылдары сіздердің талантыңыз бен шеберлігіңіздің арқасында гүлденіп келеді.

Бүгінде құрылыс саласы елімізде де, облыста да экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. Тіпті, пандемия жағдайында да құрылыс индустриясы ұйымдары үздіксіз жұмысын жалғастырды. Олардың басты міндеті – уақытында және сапалы құрылыс салып, сәтті жүзеге асыру.

Соңғы 3 жылда облыстың тұрғын үй құрылысына 200 миллиард теңгеге жуық, оның ішінде 2022 жылдың 6 айында ғана 40,5 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Ақмола облысы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан республикада бірінші орында тұр.

Облысымыздың құрылыс ұйымдарының бай тәжірибесі, даңқты дәстүрлері және қуатты әлеуеті бар. Сіздердің белсенділіктеріңіздің арқасында облыс пен оның орталығы Көкшетау қаласы жақсы жағына айтарлықтай өзгеруде.

Сіздердің қиын да игі істеріңізге ризашылығымды және шынайы ықыласымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Көздеген жоспарларды жүзеге асыруда табыс пен жаңа кәсіби биіктерді бағындыра беріңіздер!

***

Құрметті  құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Құрылысшы күнімен құттықтаймын!

Құрылысшының жұмысы әр заманда қоғамда құрметке ие болды. Адамдардың өмір сүру сапасы да, ел мен өңір экономикасының серпінді дамуы да сіздердің жасампаз еңбектеріңізге байланысты. Осы тамаша кәсіп өкілдерінің арқасында біздің облыс аумағында мыңдаған шаршы метр жаңа тұрғын үй және заманауи ғимараттар пайда болады, ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар іске асырылады, қалалар мен ауылдар көркейе түседі.

Қажырлы еңбектеріңіз, жоғары кәсібилік, жауапкершілік, шыдамдылық, Ақмола облысының гүлденуіне және құрылыс саласының дамуына зор үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар.

Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық, оптимизм, ертеңгі күнге деген сенімділік, жоспарлар мен үміттерді жүзеге асыру, шығармашылық табыстар мен қызықты жобалар тілеймін.

 Талғат Жүнісов,

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар