Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай тамыздың 11-де Жаңа Қима ауылында орын алған.
Үйде жалғыз өздері қалған 2019 және 2017 жылғы екі бала сіріңкемен ойнап, жиһаз өртенген. Үйден түтін шығып жатқанын көршісі көріп көмекке келді. Ол дереу терезені сындырып, балаларды сыртқа шығарды.
Алайда, түнінен уланған балалар Қима ауылдық емханасына дереу жеткізілгенімен сонда естерін жимастан көз жұмды.
Қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал, анасы дүкенге шығып кеткен.