– Ақмола облысының Атбасар қаласындағы 4 көшеге қазақтың танымал тарихи тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы Атбасар ауданы әкімі мен мәслихатының бірлескен қаулысы ашық талқыға шығаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«А. Островский көшесіне — Қайрат Рысқұлбеков, А. Матросов көшесіне — Қажымұқан Мұнайтпасұлы, Интернациональная көшесіне — Мұстафа Шоқай, Ирченко көшесіне — Әлімхан Ермеков және Урицкий көшесіне — Міржақып Дулатұлы есімі берілсін», — делінген қаулыда.
Құжат 26 тамызға дейін талқылауға шығарылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы 6 көше мен бір шағынауданның атауы өзгеретінін жазған болатынбыз.