Астананың іргесіндегі ауылда белгісіз зат жарылып, ер адам көз жұмды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін тамыздың 14-де Целиноград ауданының Тайтөбе ауылында орын алды.

«Жеке тұрғын үйдің аумағында көмір түсіру кезінде белгісіз зат жарылды. Соның салдарынан үй иесі – 1981 жылы туған ер адам көз жұмды.

Бұдан бөлек, түрлі дене тілігі жарасымен үй иесінің ағасы 1977 жылы туған ер адам мен оның 2018 жылы туған баласы Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 ауруханаға жатқызылды», – деді ведомстводан.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар