Атабасар қаласының көшелеріне Мұстафа Шоқай мен Қажымұқан Мұнайтпасұлының есімі берілмек

– Ақмола облысының Атбасар қаласындағы 4 көшеге қазақтың танымал тарихи тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы Атбасар ауданы әкімі мен мәслихатының бірлескен қаулысы ашық талқыға шығаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«А. Островский көшесіне – Қайрат Рысқұлбеков, А. Матросов көшесіне – Қажымұқан Мұнайтпасұлы, Интернациональная көшесіне – Мұстафа Шоқай, Ирченко көшесіне – Әлімхан Ермеков және Урицкий көшесіне – Міржақып Дулатұлы есімі берілсін», – делінген қаулыда.

Құжат 26 тамызға дейін талқылауға шығарылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы 6 көше мен бір шағынауданның атауы өзгеретінін жазған болатынбыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар