Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1293 шақырымында болған.
«Анықталғандай, Теміртау қаласының 33 жастағы тұрғыны «HONDA» мотоциклінің руліне ие бола алмай алда Нұр-Сұлтан қаласы бағытында жүріп бара жатқан «HOWO» жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», – деді ведомстводан.
Қазіргі кезде, Аршалы аудандық Полиция бөлімі тарапынан Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.