Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тетігі жетілдіріліп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тетігі жетілдіріліп келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақмола облыстық филиалының директоры Әлия Жүсіпова«Ақмола облысындағы МӘМС-ды іске асырудың 2022 жылғы бірінші жартыжылдығының қорытындысы» туралы хабарлама жасады.

Облыста осы саладағы сатып алу жоспарына сәйкес, 2022 жылға бекітілген бюджет 65,4 миллиард теңгені құрайды. Бұл өсім 2021 жылдың бюджетімен салыстырғанда 11,1 пайыз. Оның ішінде МӘМС шеңберінде – 38,8 миллиард теңге, ал, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде – 26,6 миллиардтеңге.

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 52 жеткізушімен келісім-шарт жасалды, оның 33-і мемлекеттік меншік болса,19-ы жеке меншік иелері.Бұл емделушіге ең жақсы емхананы таңдау мүмкіндігі мол деген сөз. Медициналық қызмет көрсетушілердің тізімдері Қордың Fms.kz сайтында орналастырылған.

Халықты ерекше алаңдатып отырған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, мұнда медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы амбулаториялық-емханалық көмекке дәрі-дәрмек сатып алуға 8,3 миллиард теңге қарастырса, оның 7,3 миллиард теңгесі кепілдендірілген көмек аясында. Ал, медициналық көмек көлемі 0,95 миллиард теңге.

Коронавирустық инфекция COVID-тен кейінгі асқынулардан айыққандар үшін қауіпті. Қор елдегі оңалту шараларын барынша қолдайды. Бұл – қауіпті созылмалы аурулардың дамуын ерте кезеңде болдырмауға көмектеседі, оларды емдеу денсаулық сақтау бюджетінен елеулі қаржылық шығындарды талап етуі мүмкін.

2022 жылдың 6 айында коронавируспен ауырған 540 науқас 45,0 миллион теңгеден астам көлемде оңалтудан өткен. Оларға  7 медициналық ұйым оңалту қызметін көрсеткен. Қазақстан Республикасында COVID-19 індетінің таралуының алдын алу шараларына Ақмола облысына 2022 жылдың бірінші  жартыжылдығында 2,2 миллиард теңге бөлініп, төленген.

Облыста халықты МӘМС жүйесімен қамтуды арттыру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 638 099 адам немесе халықтың 81,4 пайызы медициналық сақтандыруға қатысушылар болып саналады. Қазақстанда медициналық сақтандыру 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына және міндетті медициналық сақтандыру төлемдері барлығына міндетті болғанына қарамастан, облыс бойынша 18,6 пайыз, яғни, 145 534 адам әлі де сақтандырылмаған.Енді міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеу механизмі ыңғайлы бола түседі деп күтілуде. Қыркүйек айынан бастап қазақстандықтар медициналық сақтандыру қорына қаржыны бір жылға ерте төлеуге мүмкіндік алады.

Жаңа механизмдіміндетті медициналық жарна бойынша қарызы жоқ азаматтар пайдалана алады. Ең бастысы, бұған дейін міндетті медициналық сақтандыру қорына қарызы болмауы керек. Сондай-ақ, жаңа механизмді сақтандырылмаған тұрғындардың 30 пайызы да пайдалануы мүмкін деген болжам бар.

Медициналық сақтандыру қорына қаржы аудармаған 65 пайыз азаматтың 19,6 пайызы азаматтық-құқықтық акт негізінде келісім-шартпен еңбек етіп жүргендер. Ал, 7,9 пайызы жалдамалы еңбеккерлер, яғни, маусым бойынша жұмыс істейтіндер, олардың еңбекақылары қолма-қол төленеді. Қалған екі пайызы өзін-өзі еңбекпен қамтығандар, – дейді хабарламашы Әлия Жасқайратқызы. Сонымен қатар, медициналық сақтандыруға тәуелсіз төлеушілер үшін жарна аударудың екі нұсқасы бар. Оның бірі тәуелсіз төлеуші ретінде жарна енгізу немесе бірыңғай жиынтық төлем төлеу, – дейді сарапшылар.

Бірыңғай жиынтық төлем қаржысын қорлар арасында бөлуде 30 пайызы жинақталған зейнетақы қорына, 40 пайызы медициналық сақтандыруға, 20 пайызыәлеуметтікмедициналық сақтандыру қорына, 10 пайызы тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс салығын төлеу бойынша жүзеге асырылады.

Қыркүйек айынан бастап міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл ретте тәуелсіз төлеушілер ай сайын міндетті медициналық сақтандыру жарналарын әрі қарай да төлей беретін болады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар