Кәсіпкерлерге заңсыз хабарлама ұсыну дерегі анықталды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлікке заңсыз араласуға жол бермеу және бизнеске қатысты заңдылықты мүлтіксіз сақтау туралы талаптарды айтты.

Жарқайың ауданының прокуратурасымен Жарқайың ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ұсынған хабарламаларды талдау барысында аудан кәсіпкерлеріне 24 заңсыз хабарлама ұсыну анықталды.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметін 2022 жылы бастады, ал салық органы 2021 жылғы кезеңге салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама шығарды.
Хабарламалар орындалмаған жағдайда Салық Кодексінде оларды орындаудың мәжбүрлеу шаралары көзделген, яғни кәсіпкерлерге қатысты шектеу сипатындағы шаралар қолданылады.

Кәсіпкерлердің атына хабарламаларды заңсыз ұсыну олардың қызметіне уәкілетті органның негізсіз араласуына әкеп соқты.
Осыған байланысты, прокуратура ауданның салық органының атына қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша заңсыз шығарылған хабарламалардың күші жойылды.

Қазақстан Республикасының Президенті барлық мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау жүйесінің қызметіндегі басымдықтарды айқындады, олардың бірі бизнесті қорғау болып табылады, бұл прокуратура органдарының осы бағыттағы бұзушылықтарға ден қоюын білдіреді.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар