Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Әділдік жолы»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреседі - АРҚА АЖАРЫ

«Әділдік жолы»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреседі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Әділдік жолы» респубикалық қоғамдық ұйымы Ақмола облыстық филиалының жетекшісі Алмат Ысмағұлов осы ұйымның алға қойған мақсаты, атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды акцияның басталғанын жариялады.

Республикалық қоғамдық ұйым ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы «Әділдік» платформасын қолдау мақсатында 2020 жылы құрылған. Аз уақыт ішінде ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы жақсы нәтижелер көрсете алған. Мысалы, жыл басынан бері 22 мың тұрғынға заң тұрғысында түсінік беріліп, мониторнинг аясында мемлекеттік сатып алу барысында бағаның әдейі көтерілуінің 1000 дерегін немесе 20 миллиард теңгеге заңның бұзылғандығын  анықтаған. Осы және басқа деректер бойынша 300 мемлекеттік органдар жетекшілеріне 67 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, 21 қылмыстық іс қозғалған.

–25-ші тамыз бен 25-ші қыркүйек арасында өтетін «Әділдікті талап ет!» акциясы барысында біз өңірдегі жол құрылысының сапасын сараптайтын боламыз. Жұмыс тобының құрамында техникалық, авторлық бақылау мамандары, тағы басқа арнайы мамандар болады, жол сапасын тексеретін зертханалар тартылады. Бұл акцияның сыбайлас жемқорлық әрекеттерін азайтуға септігі тиері сөзсіз, – деді Алмат Маратұлы.

Жол сапасы жөнінде тұрғындардан түсер арыз-шағым көп. Ағымдағы жылы жергілікті дәрежедегі автомобиль жолдарын жөндеуге 60,2 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Осы қаражатқа 1000 шақырым жол жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, 30 су өткізу тұрбалары жөнделіп, 500 жол белгілері мен 400 белгі-бағандарды орнату керек. Жылма-жыл мемлекеттік бюджеттен автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге миллиардтаған теңге бөлінеді. Соған қарамастан тұрғындардың жол сапасына деген арыз-шағымы азайған жоқ. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылдық жерлерге қаражат бөлу мәселесі де дау-дамайсыз болмай тұр. Жақында ғана салынып біткен асфальт жолдармен ауыр жүк машиналары жүріп, оны аз уақыт ішінде жарамсыз ету деректері орын алуда. Бұл – ақшаны желге шашу емей немене? Салынатын жолмен қандай көліктер жүрмек? Сол жағы ескеріліп, ол жерлерге арнайы технологиялар қолданылғаны жөн. Ескі асфальт үстінен жаңа асфальт төсей салу, бұрынғы бар жолды бүлдіру сияқты жәйттер де кездесіп жүр.

Осыған орай, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттікпен бірлесе отырып, бүкіл республика бойынша 15 тамыздан бастап «Әділдікті талап ет!» акциясын өткізуді қолға алды. Акцияға еліміздің кез-келген азаматы атсалыса алады. Акция мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидасын қалыптастыру. Алғашқы кезеңінде «Әділдік жолы» автокөлік жолдары саласындағы сыбайласжемқорлыққа баса көңіл бөліп отыр.

ҚР Президентінің өзі 2022 жылдың 14 маусымында Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде: «Елімізде жолдардың сапасының сын көтермейтіні, жол құрылысы саласында сыбайлас жемқорлықтың өрістеп тұрғаны жасырын емес. Жолдардың сапасыздығы үшін кінәлілерді заң жолымен жауапқа тарту керек» деген болатын. Демек, бұл еліміздегі ең бір сыбайлас жемқорлық дәуірлеп тұрған сала. Сондықтан, аталмыш акция маңызды.

Алмат Ысмағұлов бір айлық акция аяқталған соң, оның қорытындысы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңына келіп, журналистер сұрақтарына жауап беруге дайын екенін айтты.

                                           Серік САПАРҰЛЫ,

                                           «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар