Көкшетауда Tartyl Fest республикалық спорт фестивалі өтеді

– Бүгін Көкшетауда турникке тартылудан Tartyl Fest республикалық спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан аталмыш фестивалді қабылдап отырған 14-ші қала. Спорт шарасы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, сағат 11:00 мен 14:00 аралығында қатысушыларды тіркеу, салмақтарын өлшеу және реттік нөмір беру рәсімі болады. Ал, сағат 17:00-де фестивальдің ашылу салтанаты болады.

Шараның арнайы қонағы ретінде отандық эстрада әншісі Ғаділбек Жаңай шақырылған. Әншінің қатысуымен сағат 21:00-де концерт басталады.

«Спорттық шараға санаты бойынша кез келген ақмолалықтың қатысуға мүмкіндігі бар. Мұндай жарыстың жастардың бұқаралық спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына ықпалы зор», – дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Еске сала кетсек, фестиваль еліміздің 20 қаласында 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында өтпекші. Tartyl Fest-ке қатысушылар 9 санат – салмақ және жас ерекшеліктері бойынша жарысады. Оларды ресми түрде қазылар алқасы бағалайды.

Қатысушылардың санаттары:

18 жасқа дейін (жасөспірімдер):

1) салмағы – 55 кг дейін;

2) салмағы – 55-тен 70 кг-ға дейін;

3) салмағы – 70 кг және одан жоғары;

18 жастан 30 жасқа дейін (жастар):

4) салмағы – 65 кг дейін;

5) салмағы – 65-тен 80 кг-ға дейін;

6) салмағы – 80 кг және одан жоғары;

30 жас және одан жоғары (ересектер):

7) салмағы – 80 кг дейін;

8) салмағы – 80-нен 90 кг-ға дейін;

9) салмағы – 90 кг және одан жоғары.

Әр қаладан 27 жеңімпаз таңдалып алынады. Бірінші орынға – 200 мың теңге, екінші орынға – 100 мың теңге, ал үшінші орынға – 50 мың теңге сыйлыққа тігілген. Сондай-ақ, жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық сынға жолдама алады. Гранд-финалдың жүлде қоры – 54 млн теңге.

Айта кетсек, бұдан бұрын Петропавл тұрғыны Tartyl Fest фестивалінде сүйіктісіне сөз салған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар