Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер көкжиегі

Осындай тақырыппен Көкшетау қаласындағы «Bolashaq» сарайында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың және Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласындағы «WOOSONG» білім беру қорының Президенті Дал Енг Ли қатысып, сөз сөйлеуімен білім беру саласының көшбасшыларына арналған республикалық тамыз кеңесіаясында панельдік секцияның пленарлы отырысы болып өтті.

Жиынның басты мақсаты мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындау, мамандар даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен өзара тиімді әрекеттестік тәжірибесін қарастыру болып табылады. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директорыНасымжан Оспанова жүргізіп отырды.

Пленарлық отырыс оff-line және оn-line форматында өтіп, барлығы 1300 адам қатысты. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің, «Talap» КЕАҚ өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қостанай, СолтүстікҚазақстан облыстарының білім басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарлары, бөлім басшылары, оқу-әдістемелік кабинеттерініңжетекшілері мен қызметкерлері, колледж директорлары, орынбасарлары, оқытушылары және жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты шарадаоблыс әкімінің орынбасары Елдос Мұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, педагогтарға, сондай-ақ білім саласының барша жанашырларына өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруға қосып жатқан үлестері үшін зор ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, шарада Дал Енг Ли сөз сөйлеп,  өз тәжірибесін ортаға салды. Пленарлық отырыс барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің, «Talap» КЕАҚ, Қазақстан Республикасының«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Шаңырақ» қауымдастығының, білім басқармасының, «ҚТЖ» Ұлттық Компаниясы», «Қостанай минералдары», «АлтынАлмас АК», «AITAS KZ» сияқты ірі акционерлік қоғамдарының, «Eurasia Group Kazakhstan» серіктестігінің өкілдері күн тәртібіндегі мәселе бойыншасөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Практикалық бөлім өңіріміздегі 5 колледж және 2 кәсіпорын базасында өтті. Онда цифрландыру, әлеуметтік әріптестік пен халықаралық әріптестік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар өзара пікір алмасып, өз тәжірибелерімен де бөлісті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар