Педагогтар өзара тәжірибе алмасты

Таяуда  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру иститутында «Lesson Study мұғалімдердің күнделікті тәжірибесінде» тақырыбы бойынша білім қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясының секциясы болып өтті.

Секция жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, Ақмола облыстық білім басқармасының өкілдері, филиалдың профессорлық-педагогикалық құрамы, облыс педагогтары6 барлығы  200-ден астам білім қызметкерлері онлайн режиміне қосылды.

Іс-шараны «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Lesson Study» технологиясы негізінде педагогтарды курстан кейінгі сүйемелдеу республикалық жобасының жетекшісі Джалия Джайдакбаева жүргізіп отырды.

Жиында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Әлия Иманова сөз сөйлеп, «Lesson Study» жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын баса айтып, мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын атап өтті.

Конференцияға қатысушылар Назарбаев зияткерлік мектебі Даму қорының директоры Назипа Аюбаева ұйымдастырған шеберлік сыныбына қызығушылық танытып, сабақты зерттеу бойынша сұрақтарды талқылауға, ең пайдалы ақпарат алуға және осы инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік алды. Бұл әсіресе, зерттеу сабақтарын ұйымдастыруда белгілі бір тәжірибесі бар  педагогтар үшін  аса құнды екендігі анық. Сонымен қатар,  зерттеу жұмыстарының көрмесін өткізу барысында педагогтар өз тәжірибелерімен де бөлісті. Осылайша жиынға қатысушылар теориялық және практикалық тәжірибені өзара ұштастырып, мол мағлұмат алды.

Өз ісінің білгірлері «Lesson Study» шараларын жоспарлауға, ұйымдастыруға қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Алдағы уақытта институт бұл ауқымды іс-шараның нәтижелерімен әдістемелік ұсынымдарын мұғалімдер мен тәрбиешілердің бірлескен мақалаларын жариялап, оқырман назарына ұсынуды жөн санап отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар