Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының заңдылық, депутаттық этика, туризм және экология мәселелері жөніндегі жұмыс тобы ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысушылар Ақмола облысының елді мекендерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін полигондар салу және ресімдеу мәселелерін талқылады.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің қатысуымен өткен іс-шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары мен жұртшылық өкілдері қатысты. Отырысқа БКБ режимінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Динара Әжіғалиева, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының тұрмыстық қатты қалдықтарды реттеу және су бетін тазарту бөлімінің басшысы Рашид Айдар қатысты.
Тұрақты комиссияның төрағасы Мұрат Шәмшінұров атап өткеніндей, ҚТҚ полигондары бойынша мәселе өңірде өте өткір тұр және облыстық мәслихат депутаттары тарапынан бірінші рет көтеріліп отырған жоқ.
–Полигондарды салу – ұзақ мерзімді және өте шығынды жоба, сондықтан алдағы іс-қимылдарды нақты түсіну ғана емес, сонымен бірге, биліктің барлық тармақтарының жұмысындағы үйлесімділік пен уақыт талап етіледі. Бұл мәселе бір күнде шешілмейді. Біз, депутаттар, осыны шешу үшін кешенді жоспар қажет екенін үнемі айтып келеміз. ТЭН мен ЖСҚ әзірлеу бюджетке өте қымбат. Сондықтан, бүгінгі шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілін шақырдық, – деді М.Шәмшінұров.
Жұмыс тобының мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары Қайрат Сұлтанов пен Мәриям Әбішева осы бағытта не істелгенін айтып берді. Олар сұрыптау пункттерін орнатуға өз қаражатын салуға дайын бейінді инвесторлармен және министрліктермен байыпты түсіндіру жұмыстарын, келіссөздер жүргізді. Бірақ бұл үшін табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы барлық қолданыстағы ҚТҚ полигондарын ретке келтіру және жаңаларын ашу жөніндегі жұмысты жеделдетуі қажет. Халық тығыз орналасқан аудандарда депутаттар бірнеше елді мекендерге арналған тораптық полигондар құруды ұсынады. Жұмыс комиссиясының мүшелері қоқысты қайта өңдеу бизнесін субсидиялау құралдарын, сондай-ақ, ҚТҚ полигондарының құрылысын «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енгізу мүмкіндігін ойластыруды ұсынады.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Сергей Савельевтің айтуынша, бүгінгі таңда Ақмола облысының аумағында 130 ҚТҚ полигоны бар, олардың 24-інде ғана жер актілері, рұқсат ету құжаттары бар. Осылайша экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі 18,5 пайызды құрайды. Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Егіндікөл, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарында және Көкшетау қаласында бірде-бір заңдастырылған ҚТҚ полигоны жоқ.
Қалыптасқан жағдайды шешу үшін белгілі бір іс-шаралар өткізіледі. Сонымен, 6 ауданда, яғни, Щучинск, Ақкөл, Қосшы қалалары мен Қорғалжын, Қоянды, Аршалы, Зеренді ауылдарында 56 миллион теңгеге 7 полигонның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды.
Басқарма Көкшетаудағы қоқысты сұрыптау пункті бар тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының ТЭН-ін түзету, Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округі жер учаскесін ресімдеуді жүргізуде, барлық талаптарға сәйкес келетін таңдалған телімі «Дихан Плюс» ЖШС жерлерінде орналасқан және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ кепілінде тұр. Бүгінгі күні осы учаскені кепілзаттан босату бойынша жұмыстар аяқталып, фрагментация жұмыстары басталды. «Дихан Плюс» ЖШС басқарма екі учаскені де рәсімдеумен айналысатындай шартпен жерді беруге дайын. Жобаны іске асырудың болжамды құны – 6-7 миллиард теңге.
Бурабай ауданының ҚТҚ полигоны құрылысының ТЭН-іне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен 67,1 миллион теңге бөлінді.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Динара Әжіғалиева өңірлердің экологиялық кодекстегі жаңалықтар туралы, атап айтқанда, қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі ақпаратты нашар меңгергенін атап өтті. Сонымен қатар, ол министрлік жұмысты жеңілдету және өңірлердің шығындарын азайту үшін ҚТҚ полигондарының үлгілік жобаларын әзірлеу туралы бастама көтеріп отырғанын хабарлады. Ол сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша жұмыс тобы келіп түскен барлық ұсыныстар мен ескертулерді жинақтап, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдайтын болады.
Қарлыға МҰҚАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.